ТӨТЕНШЕЛІКТЕР КӘРІ ҚҰДА – ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚТАРЫН КӨРСЕТЕДІ

Бүгін Түркістан қаласында ҚЫС-2022» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы басталды,-деп хабарлайды uakit.kz.

Шараның мақсаты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы орган мен шаһар тіршілігін қамтамасыз ететін коммуналдық қызметтердің күштері мен қырда тұрған техникаларының  қысқы кезеңнен өтуге дайындығын пысықтау болып табылады.

Ертеңге дейін жалғасатын командалық-штабтық оқу жаттығудың барысы сағат 24-қарашада сағат 09:00-де құлақтаныдыру жүйелері арқылы хабарланады.

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы дабыл берілген жағдайда тұрғындардың дүрбелең салмауын сұранады.

Айта кетейік, өткен аптада еліміздің Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин «Қыс» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу туралы жоспарын хабарлаған болатын.