ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ТІКҰШАҚ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА БАСТАЛҒАН ӨРТТІ СӨНДІРУГЕ ЖІБЕРІЛДІ
Өрт кеше «Семей Орманы» резерватының аумағында басталып, 300 гектар аумаққа таралған.
Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында шыққан өртті сөндіруге әлемдегі ең үлкен тікұшақ жіберілд, деп хабарлайды uakit.kz Sputnik-ке сілтеме жасап. Тікұшақтың он тонна су шашуға мүмкіндігі бар.
Қазақстанның төтенше жағдайлар комитеті қарағайлы орманындағы өрт ошақтарын жою және өртті сөндіру үшін құтқарушыларға техникадан басқа жеке құрам да көмек көрсетуге жіберілгенін хабарлады.
«Сағат 07:45-те Көкшетаудан әлемдегі ең үлкен суағар құрылғысы бар Ми-26Т тікұшағы ұшты. Борт бір ұшқанда он тонна су шашатын болады. Сонымен қатар бортта Көкшетау гарнизоны жеке құрамының 30 адамы бар. Олар өртті сөндіруге атсалысады», — делінген ТЖК хабарламасында.
Айта кетейік, 23-сәуірде Қазақстанның шығысында «Семей Орманы» резерватының аумағында өрт басталды. Кешке қарай өрттің 300 гектар аумаққа тарағаны белгілі болды.
Бұған дейін өртті сөндіруге 26 өрт сөндіру көлігі, төрт орман өрті кешені, аспалы құрал-жабдығы бар үш трактор мен екі патруль көлігі, бір МИ-2 тікұшағы және 75-тен аса адам жұмылдырылғаны хабарланды.