ШЫМКЕНТ КӨШЕЛЕР КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН РЕТКЕ КЕЛІП ЖАТЫР

92
0
Шымкент қаласының көшелері кезең-кезеңімен өз шешімін табуда, деп хабарлайды Uakit.kz.
Абай ауданына қарасты Игілік тұрғын алабында тұрғындар жүріп, тұратын дұрыс жол болмаған екі көше бар болатын. Бүгінде ұзындығы 1 шақырымды құрайтын 2 көшеге асфальт жабындысы төселді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша бұл жерде бұрын соңды жол болмаған. Олар қала әкімімен кездесуде осы мәселені көтерген болатын. Нәтижесінде қала әкімінің 2021-2025 жылдарға бекіткен іс-шара жоспарына еніп, былтардан бері аталған тұрғын алаптың барлық көшелері кезең-кезеңімен ретке келтірілуде.
Сонымен қатар, Сергелі, Шеңгелді, Беріктас, Бабата, Атауы жоқ 32,33,34,35 көшелерінде де орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал Игілік тұрғын алабында ағымдағы жылы жалпы 6,8 шақырым жолға асфальтбетон қабатын төсеу жұмыстары жоспарланған.
Негізінен, биыл бекітілген жоспарға сәйкес, қаламыздың магистралды көшелерінен бөлек ішкі орам көшелерге көбірек көңіл бөлінуде. Нақтарақ айтсақ, 167 нысанда немесе 308 көшеге құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
2022 жылы орташа жөндеу жұмыстары бойынша, бүгінгі таңда 163 нысан 303 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Оның ішінде магистральды 10 көше: Республика, Рысқұлов, Иляев, Тәшенов, Ақназар хан, к. Цеткин, Жолан батыр, Дулати, Мангелдин, Тоқаев көшелері бар.
Айта кету керек, магистралды және ішкі орам көшелері жалпы саны 167 нысан (308 көше) орташа жөндеуден өтуде. Қазіргі уақытта орташа жөндеу жұмыстары 163 нысанда (303 көше) жүргізіліп, тұрғындар игілігі үшін пайдалануға берілді. Атап атқанда магистралды Республика д, Рысқұлов, Іляев, Тәшенов, Ақназар хан, К.Цеткин, Жолан батыр, Дулати, Мангелдин, Тоқаев көшелері жөнделді.
Ағымдағы жылы күрделі жөндеу жұмыстары 3 нысанда жүргізілуде. Атап айтқанда, Ақжайық, Тассай, Азат, Нұртас шағын аудандары аумағындағы жалпы 17 көше жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.