ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

70
0

Үшінші мегаполиске қарасты Әл-Фараби ауданында үй басқарушылары, орам басшылары және аудан әкімі Рашид Мыңбаевтың қатысуымен қоғамдық талқылау өтті. Кездесуде тұрғындардың түнгі тыныштығын бақылау, спорт алаңшасын орнату, көпқабатты үйлерлегі лифт сапасын арттыру, камера орнату, басты көшелердің бойындағы ағаш санын көбейту сынды маңызды мәселелер қаралды.

Кездесу барысында көтерілген барлық сұрақтар хаттамалық тапсырмаға түсіріліп, орындалу барысы жіті бақылауда болады. Ауданда жыл басынан қоғамдық бақылау кеңесі мүшелері тарапынан жалпы 64 хаттамалық тапсырма тіркелді. Оның ішінде 50-і толық орындалды, 9 тапсырма жұмыс барысында, 5 мәселе тұрақты бақылауға алынды. Жалпы ауданда ауыз су жүйесімен қамту көрсеткіші жүйеде 99,8% құрайды. «Сәуле» шағынауданындағы «Жаңабазар» көшесінде қалып кеткен 40-тан астам үйге ауыз су тарту бойынша «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК тарапынан жүргізілді. Қазіргі таңда тұрғындарға пайдалануға берілді. Сонымен қатар, «Текесу» елді-мекенін ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында, құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Жаңару» ЖШС тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Аталған жұмыстар ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін тұрғындарға тапсыру жоспарланған. «Сәуле» шағынауданына қарасты 276-орамда электр жарығын орнату жұмыстары «Ақсемсер стройсервис» ЖШС тарапынан жүргізілді. Қазіргі таңда тұрғындарға пайдалануға беріліп, көрсеткіш деңгейі 100% құрайды. «Ақтас-2» елді-мекенінде мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, абоненттерге қосылу бойынша жұмыстар жыл соңына дейін аяқтау, жоспарлануда. 276-орамынында мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде, ағымдағы жылдың соңына дейін тұрғындарға тапсырылып, шағынаудан аумағы 100% табиғи газбен қамтылатын болады.