ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР САЛАҒА ТЫҢ СЕРПІН БЕРЕДІ

73
0

Өнеркәсіптің өркендеп, шағын және орта бизнестің дамуында индустриалды аймақтардың маңызы зор. Бүгінде үшінші мегаполис аумағында бірнеше индустриалды аймақ жұмыс істеп жатыр. Дегенмен саладағы бастамалар жайы мұнымен тоқтап қалмақ емес. Алдағы уақытта бірнеше индустриалды аймақ жұмысын бастайды.

Соның бірі — ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге бағытталған жоғарыда аталған «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы. Үшіншісі – 136 гектарға заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешендері аймағы. Мұнда 30 миллиард теңгеге 2 мың жұмыс орнымен 20 жоба іске қосу жоспарланған. Бүгінде атқарушы органдардың мойнында шағын және орта бизнестің жалпы өнімдегі үлесін 2025 жылға қарай 35 пайызға көбейту міндеті тұр.  Мұрат Әйтенов осы мақсатта Шымкент қаласында төртінші «Стандарт» жеке индустриалды аймағы ашылатынын мәлім етті. Бұдан бөлек, бірқатар өндіріс орындары да ашылмақ. Мәселен, «Агрополимер» серіктестігі ұсынған полипропилен жібін шығару жобасын ұсынып отыр. Өндірісті 2023-2024 жылдары іске қосу жоспарланған. Инвестиция көлемі 1,94 миллиард теңгені құрайтын жоба нәтижесінде 41 адам жұмыспен қамтылады. Серіктестік басшылары «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағынан 2 гектар жер беруді сұрады. «HYDROGEN ENERGY» серіктестігі сутегі асқын тотығын өндіретін жобаны таныстырды. 4 миллиард теңгені құрайтын инвестициялық жоба 2023-2024 жылдары жүзеге асады, нәтижесінде 30 адамды жұмыс орнымен қамтылмақ, жылына 8 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы. Жиында жобаны жүзеге асыру үшін «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағынан 2,4 гектар жер телімін беру сұралды. Сонымен қатар монтаж көбігін өндірумен байланысты. «BERPER GROUP» компаниясының 250 миллион теңгелік инвестициялық жобасы нәтижесінде 20 адамды жұмыспен қамту көзделген. Кәсіпкерлер ол үшін «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағынан 0,3 гектар жер сұрап отыр. Минералды тыңайтқыштар мен агрохимикаттар өндіретін жаңа жобаның құны 450 миллион теңгені құрайды. «Ана Жер» ғылыми-өндірістік бірлестігі құрылыс жұмыстарын кезең кезеңімен 2022-2025 жылдарға жобалап отыр. Жылдық қуаттылығы – 300 мың литр. Жобаны «Жұлдыз» индустриалды аймағында жүзеге асыру көзделген.