«ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

94
0
Шымкентте әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз алдын алу мақсатында акция өтуде, деп хабарлайды Uakit.kz.
Мемлекет басшысы елімізде отбасын қорғау мен қолдаудың тұтас жүйесін құру және зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру қажеттігін үнемі айтып келеді. Осы орайда, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын өткізуде.
Акция аясында әйелдерге қа­тыс­ты зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғамдағы отбасы құн­дылығын арттырып, қыз-келін­шектердің құқықтық сауат­тылығын арттыру және отба­сында зорлық-зомбылық жа­сауға бейім адамдармен жеке про­фи­лактикалық жұмыс жүргізуге баса назар аударылады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсететін орталыққа жыл басынан 594 азаматша жүгініп, оларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілген. Атап айтсақ, мамандардың жан-жақты жұмыс жүргізуінің нәтижесінде, өз өтініштерінің негізінде 59 ана орталықтан шықса, оның 48-і күйеуімен татуласқан. Сондай-ақ 18 ана атаулы әлеуметтік көмек алса, 9-ы тұрақты жұмысқа орналасып, 16 бүлдіршін балабақшаға баруда.
Мекеме қызметкерлері ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту қыз-келіншектердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында,«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясын өткізуде.
Ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында құзырлы орган өкілдерімен бірлесе елді-мекендерде, халық жиі шоғырланатын орындарда кездесулер ұйымдастырмақ. Яғни, зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізіп, тұрмыстық, психологиялық, құқықтық, медициналық көмек көрсетуді жоспарлауда.
№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы азаматтарды акцияға белсенді түрде атсалысуға шақырады. Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың фактілерін байқасаңыз немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болсаңыз төменде көрсетілген сенім телефондарына хабарласуыңызға болады.
Сенім телефондарымыз:
☎️ 150
☎️ 7(7252) 45 03 03
📲 +7 775 450 54 33