АЯЗДА АБАЙ БОЛАЙЫҚ!
Санаулы күндерен соң қылышын сүйреп қыс келеді. Ауа температурасы күрт төмендеп, қыс қаһарына мінген кезде электр құрылғыларын пайдалану ережелерін бұзуға байланысты техногендік сипаттағы өрттердің пайда болу қаупі арта түседі.
Осыған байланысты төтеншеліктер төсендегідей ескерту жасайды.
Гипотермия мен аяз кезінде далада қалып қалған адам денесінің үсіп қалу қаупі жағдайлары болады. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін елемеуге байланысты, яғни желілердің шамадан тыс жүктелуі, үйдегі жылыту, газ құрылғыларын пайдалану және көмір отынымен жылытылатын пештерді пайдалану ережелерін сақталмауынан, оқыс оқиғалар тіркеледі.
Гипотермия және адам денесінің үсіп қалу жағдайларын болдырмау үшін суық ауа райы кезінде алыс іссапарға және көшеге жөн-жосықсыз шықпау қажет. Бұл ескертуді әсіресе кішкентай балалар мен қарт адамдарға келгенде назарда ұстау керек. Елді мекендердегі алыс орманда шаңғы және басқа да серуендерді кейінге қалдыру қажет. Сонымен қатар автокөлікпен алыс қашықтыққа сапар шегуге тәуекел жасамаған абзал. Сыртқа шыққанда тар киім мен аяқ киім, биік өкшелі аяқ киім кимеген жөн. Мұндай мәнердегі киімдер қан айналымын азайтуға және тез қатуға ықпал етеді.
Егер аязда жүрген кезде өз бойыңыздан қалтырау, сезімталдықтың жоғалуы, терінің бозаруы, ұйқышылдық, шаншу сезімін байқасаңыз уақыт созбастан ең жақын жердегі жылы үй-жайға кіріп, денеңіздің мұздап қалған жерлерін жылы қолмен қызарғанша жылытыңыз. Жеңіл массаж жасаңыз. Жүн матамен сүртіңіз. Дем алыңыз, содан кейін мақта дәкесін (немесе қолыңыздағы кез келген басқа) таңғышты жағыңыз.
Аязда денеңіздің үсіген белгілері болған кезде (таңғышты қолданғаннан кейін) медициналық көмекке жүгінуді ұмытпаңыз.