ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ДЕР КЕЗІНДЕ ҚОҢЫРАУ ШАЛЫҢЫЗ…

 

Ағымдағы жылдың 25 қазанында  сағат 05:43-те     Түркістан қаласындағы №39 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің диспетчеріне өрт оқиғасы туралы хабарлама түсті.

Хабарламада  қаладағы «Яссы» мөлтекауданы, Маяқұм көшесіндегі тұрғын үйде өрт болып жатқаны айтылады. Осыған орай №39 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары оқиға орнына 7 минутта жетеді. Қызыл жалынмен күресу үшін АЦ-5-40 өрт сөндіру автокөлігі жұмылдырылады.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткен кезде тұрғын үйдің жалпы көлемі 150 шаршы метрін толық от шарпып жатты. Құтқарушылар 32 минут  қызыл жалынмен күресті. Яғни сағат 06:32 минутта өрт оқшауланды. Сағат 06:51-де өрт толық сөндірілді.

Бұл оқиғаға байланысты құтқарушылар өртті өз бетінше өшіру көп жағдайда сәтсіздікке бастайтынын, сол үшін тілсіз жаумен күреспес бұрын ең алдымен құтқарушыларға қоңырау шалу қажеттігін ескертеді.