САРАЙДАҒЫ ӨРТТІ СӨНДІРУ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ

Ағымдағы жылдың 6-қарашасында Түркістан қаласы, «Тұран» мөлтекауданы, Төрткүл көшесінде орналасқан тұрғын үйде өрт оқиғасы орын алды,-деп хабарлайды uakit.kz №39 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне сілтеме жасап.

Бұл туралы хабарлама Түркістан қаласындағы №39 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 101 кезекші пультіне сол күні сағат  10:24-те түседі.                                                               Өрт сөндіру депосының құтқарушылары қызыл жалынмен күресу үшін оқиға орнына сағат 10:25-те шығады. Өртті сөндіруге АЦ-5-40 және АБР өрт сөндіру автокөліктері жұмылдырылады. Оқиға орнына 10 минутта жеткенде өрт сөндірушілер тұрғын үй сарайының 12 шаршы метр құрайтын бір бөлмесінің жанын жатқанын анықтайды. Отқа оранған бөлменің заттары және шатырының бірінші жаппасы жанып жатты. Өрттің беті сағат 10:41-де қайтарылды. Сағат 10:48-де өрт толығымен сөндірілді.

Өрттен адамдарды күйік шалу, зардап шегу оқиғалары орын алмады.