ТҮТІН ИІСІ ҚОРҚЫНЫШ ТУДЫРСА 101-ГЕ ҚОҢЫРАУ ШАЛ

Ағымдағы жылдың 26-қазанында сағат 05:31-де Түркістан қаласындағы №39 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші пультіне өрт оқиғасы туралы кезекті хабарлама түсті.

Хабарламада Түркістан қаласындағы «Жаңа қала» мөлтекауданы 11 көшесіндегі №16 көпқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатында түтін иісі шығып жатқаны айтылады.   Келіп түскен хабарлама бойынша №39 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамындағы өрт сөндірушілері АЦ-5-40 және  АБР өрт сөндіру автокөліктерімен сағат 05:32  минутта  шығып, хабарламада айтылған  мекенжайға  сағат 05:41-де жетеді.    

Құтқарушылар келген кезде                                                                                                                                                          көпқабатты  тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерден (хабарламада айтылған пәтерден) түтін иісі шығып тұрған. Бірақ оқиға орнында өрт орын алмады.

Бұл оқиғаға байланысты өрт сөндірушілер тұрғындарға өрттің ең бастапқы белгісі түтін иісінің шығу екенін, сондықтан қандай жағдай болмасын түтіннің иісі күдік тудырса 101 немесе 112 шұғыл көмекке қоңырау шалуды ескертеді.