АРИСТОН АПАТ ӘКЕЛМЕС ҮШІН…

Осы жылдың 16-қыркүйегінде Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші пультіне  Ы. Алтынсарин көшесінде орналасқан тұрғын үйде өрт болып жатқаны туралы хабарлама түсті. Күндізгі сағат 13:32-де түскен хабарлама бойынша оқиға орнына №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы бір минутта жиналып шықты. Өрт орын алған мекенжайға 13:42-де жетті. Құтқарушылар хабарламада айтылған мекенжайдағы уақытша жаздық баспанадағы көлемі 16 шаршы метр болатын жатын бөлмеде өрттің болғанын анықтады. Жаздық баспананың аумағы 64 шаршы метрді алады. Өрт электр қуаты арқылы жұмыс істейтін су жылытқыш Аристон қондырғысына жалғанған сымдардың қысқа тұйықталуынан орын алған.

Оқиға орнына жеке құрам келгенше өрт сөндірілген. Зардап шеккендер болмады. Оқиғаға байланысты төтеншеліктер электр құралдарын дұрыс пайдалану ережесін сақтауға шақырады.  Электр құралдарын пайдаланған кезде  электр қуатын қабылдағыштарды (электр құралдарын) оларды дайындаушы мекемелердің нұсқаулықтары талаптарына сәйкес келмейтін немесе ақаулығы бар болған жағдайларда қолдануға, сонымен қатар зақымданған немесе қорғағыш белгілерін жоғалтқан оқшаулаулары бар электр сымдары мен кабелдерін пайдалануға тыйым салынатынын қаперден шығармау керек.
Тежегіштердің балқығыш ендірмелері жанып кеткен жағдайда қолдан жасалған ендірмелерді қоюға болмайды. Бұдан барлық электр сымдары қызып, олардың қысқа тұйықталуына және өрттің пайда болуына әкеліп соғады. Ашық электр сымдарын бояуға немесе үстінен түс қағаз жапсыруға, ақаулы ажыратқыштарды, розеткалар мен патрондарды қолдануға, электр шамдарын жанғыш материалдардан жасалған абажурлармен жабуға, жылу реттегіші жоқ немесе ақаулы электр жылытқыш құралдарын пайдалану өміріңіз үшін қауіпті.

Электр сымдарына мөлшерден тыс салмақтың түсуін, олардың қатты қызып кетуі мен өтпелі қарсылығын болдырмау үшін жоғары қуатты бірнеше электр құралдарын бір розеткаға қосуға болмайды.
Жиі түрде өрттің себептері — қосылып, қараусыз қалған электр жылытқыш құралдарының (электр плиталары, су қайнатқыштар, каминдер, үтіктер, грелкалар) жанында орналасқан жанғыш заттардың тұтануы болып табылады.
Қосылған электр жылытқыш құралдары жылуды сақтайтын жанбайтын қойғыштарға орнатылуы қажет.
Сымдардың оқшауларының кеуіп кетуі мен зақымдалуының алдын алу үшін оларды жылитын жерлердің (пештер, түтіндіктер, жылыту батареялары, т.б.) бетімен жүргізуге болмайды.