ШЫМКЕНТТЕ «РЕНОВАЦИЯ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТҮСІНДІРІЛУДЕ

98
0
Шымкентте реновация бағдарламасына қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Uakit.kz.
Абай ауданына қарасты Гагарин көшесінде орналасқан ​ 96,102 үй тұрғындармен кездесу өткізіліп, реновация бағдарламасына қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Онда Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы бастамашы болып, Абай ауданы әкімдігі және​ «Shymkent» ӘКК» АҚ-ның мамандарымен бірлесіп, инвестор ұсынатын шарттармен таныстырды.
Реновация бағдарламасының талап шарттарына сәйкес, жиналысқа тұрғын үй пәтерлері меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, жиналыс заңды деп есептеледі. Жиналыс шешімімен келісім берілген жағдайда, авариялық тұрғын үйлердегі тұрғын үй-жайлардың меншік иелеріне ауданы бойынша бірдей, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес мөлшерде жаңа пәтерлер беріледі. Сондай-ақ пәтер беру кезінде — пәтерлердің техникалық төлқұжаттарына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құрылыс нормаларына, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес, пәтердің жақсартылған әрлеуде болуы, көп пәтерлі үйлерде азаматтардың аз мобильді топтары үшін, оның ішінде пәтерде жағдай жасалуы сынды бірқатар талаптар сақталады.
Реновация бағдарламасы әкімдіктің қаулысымен бұған дейін бекітілген болатын. Бүгінде аталған бағдарлама жаңа редакцияда қайта қаралуда. Осының аясында ​ тұрғындардың келісімімен түбегейлі жаңартылатын тұрғын ​ үйлердің тізбесі анықталып, іске асыру көзделген.
Айта кету керек, қазіргі таңда көппәтерлі тұрғынүйлерді ​ реновациялау ​ мақсатында ​«Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-мен әлеуетті инвестор «KazSMU» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандум (келісім) түзілді.​