ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ – ӨЗ ҚАУІПСІЗДІГІҢ!

Ағымдағы жылдың 30-тамызында Түркістан қаласы Құдас Датқа көшесі бойында орналасқан жеке тұрғын үйде жиналған шөптің жануы орын алды. Бұл туралы хабарлама қаладағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне сағат 22:48-де келіп түседі

Келіп түскен хабарлама бойынша №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары АЦ-5-40 (43253)-011  және АЦ-8,0-70(43118)-013 өрт сөндіру автокөліктерімен оқиға орнына бет алады. Хабарламада айтылған мекенжайға өрт сөндірушілер сағат 22:57 минутта жетеді. Құтқаруышылар өртті жедел ауыздықтайды. Өрт салдарынан үй ауласындағы шамамен 400 келі шөп (35 сығымдалған шөп) жанған.

Оқиғаға байланысты сала мамандары азаматтардан шөпті сақтауда өрт қауіпсіздігі ережелеріне мән беруді ескертеді. Атап айтқанда, шөп сақтайтын орындар электр өткізу желілерінен мейлінше алыс және қоршалған жерлерде орналасуы тиіс. Шөпханаларды суға жақын жерде орнатқан жөн. Бұл жану жағдайы орын алған кезде отты тез сөндіру үшін аса маңызды. Тұрғын үй учаскелерінде шөпті жинау ғимаратқа және аула алдындағы құрылыстарға дейін кемінде 15 метр қашықтықта орындалады. Шөпті қоралардың шатырларына және басқа шаруашылық құрылыстарына, электр жеткізу желілерінің астына жинауға тыйым салынады.