КӨЛІК ҚЫЗЫЛ ЖАЛЫНҒА ОРАНДЫ

Ағымдағы жылдың 2-шілдесінде Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчеріне «Газель» автокөлігінің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түседі.

Оқыс оқиға Түркістан қаласындағы Жакипов көшесі бойында түнгі сағат 22:45-те орын алады. Өрт сөндірушілер оқиға орнына өрт сөндіру автокөлігімен шығып, хабарламада айтылған мекенжайға бес минутта жетеді. Оқиға салдарынан «Газель» автокөлігі толық қызыл жалынның құрсауында қалады. Оған автокөліктің қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталып, түтеуі себеп болған.

Автокөліктерде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтамауынан жүргізушілердің опық жеуі осымен шектелмейді. Осы жылдың 8 шілдесінде Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс қызметіне Түркістан-Қызылорда тас жолы, 105-көше бойында автокөліктің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түседі. Қоңырау шалушы азаматтың айтқан мекенжайына өрт сөндірушілер айналасы он минутта жетеді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде BMW маркалы жеңіл автокөліктің жарық шамдарының түтеп бықсығаны белгілі болады.

Жоғарыдағы екі оқиғадан зардап шеккендер жоқ.