ОҚУШЫЛАР ГАЗ ТАРАҒАН АЙМАҚТАН ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛДІ

86
0

Түркістан қаласындағы №1 А. Байтұрсынов атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Өндірісте және тұрғын үйлерде газ құралдарын пайдаланатын қауіпті объектілердегі авария кезіндегі оқушылардың тұрақты құрамының іс-әрекеті» тақырыбы бойыша оқу-жаттығу шарасы өтті.  Бұл шараның мақсаты – оқу  орнының өндірісте газды пайдаланатын қауіпті нысандағы авария кезінде азаматтық қорғаныс  шараларын орындауға даярлығын тексеру.

Бұл туралы uakit.kz Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқу жаттығу кезінде мектепте газ шығуы кезіндегі қызметкерлер мен оқушыларды  зақымдану аймағынан көшірудің А,Б,В,Г нұсқасы бойынша оқу жаттығу өткізілді.

«А» нұсқасы бойынша газдың аймаққа тараған кездегі қызметкерлер құрамы мен оқушылардың газданған зақымдану аймағынан көшіру бойынша келесідей іс-шаралар орындалды.

Басшы құрам мектеп ғимаратынан оқушыларды әкетуді және оларды жалпы мектеп колонасы құрамында қауіпсіз аймаққа көшіруді ұйымдастырды. Сынып жетекшілері оқушылардың ғимараттан шығуын ұйымдастырды. Және оқушылардың мақта мата дәке таңғышын дұрыс киюін бақылайды, оқушыларды белгіленген бойынша мектептен ұйымшылдықпен шығарады және оларды жалпы мектеп колонасы құрамында қауіпсіз аймаққа алып барады. Сол жерде (қажет болса) зақымданушыларға  алғашқы дәрігерлік көмек көрсетеді. Колонна қозғалысы кезінде үрейленуге жол бермейді. Қоғамдық тәртіпті сақтау командасының командирі мектеп колоннасының қозғалысы кезінде жолды реттеуді және қоғамдық тәртіптің сақталуын ұйымдастырады.

РХҚ тобының бастығы ахуалды бақылауды (желдің бағытын, залалды бұлттың жақындауын)  ұйымдастырады және мектеп директорына  жол қозғалыс бағытын өзгерту қажеттілігі туралы баяндайды.

 

Санитарлық дружинаның командирі  зақымданушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады.

Оқушылар дабылды зерделейді, мақта мата дәкені алып оны беттеріне жабады және бір-біріне көмекетесіп киеді, сынып жетекшілері оқушыларды белгіленген бағыты бойынша  мектептен ұйымшылдықпен шығарады және оларды мектеп колоннасы құрамында  қауіпсіз аймаққа алып барады. Сол жерде директордың әмірі бойынша мақта мата дәке таңғышын шешіп, оны целлофан пакетке салады. Қоғамдық тәртіпті сақтау командасының жеке құрамы мектеп колоннасының қозғалысын реттеуге және  қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысады.

РХҚ тобының жеке құрамы ахуалды бақылайды және байқалғанның бәрін РХҚ тобының бастығына баяндайды.

Санитарлық дружинаның жеке құрамы зақымданушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады.

«Б» нұсқасы бойынша  газ шығуы кезіндегі ұстаздар  құрамы мен оқушылардың  зақымдану аймағынан көшіру бойынша келесідей іс- шаралар орындалды.

Мектеп директоры жалпы мектеп колоннасын желге қарсы бағыттағы биік жерге қарай апаруға тиіс. Сынып жетекшілер мақта мата дәкені алып оны беттеріне жабады және бір-біріне көмектесіп киеді. Сынып жетекшілері оқушыларды белгіленген бағыты бойынша  мектептен ұйымшылдықпен шығарады.

«В» нұсқасы бойынша газ тараған қауіпті объектіде ұстаздар құрамы мен оқушыларды мектепте паналату.

Басшы құрам мектеп ғимаратына оқушыларды ұйымдастырып, оларды бірінші қабаттағы бөлмелерге (сыныптарға) орналастырады.

Басшы құрам және дәнекерлер оқытушылардың құрамы мен оқушылардың іс-әрекетін қадағалайды.

Мектеп директоры қалыптасқан жағдайға байланысты мақта-дәке таңғышын алдын-ала оны кию туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Сынып жетекшілері оқушыларды төменгі қабаттағы сыныпқа бекітілген бөлмеге көшіреді. Мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасарларынан қажетті материал алып, осы бөлмені қымтауды ұйымдастырады.

Сынып жетекшілері мектеп директорының қарапайым тыныс органдарынан қорғау құралдарын пайдалану туралы шешімі бойынша оқушыларға алдын ала мақта-дәке таңғышын қиюін ұйымдастырады.

Қоғамдық тәртіпті сақтау командасының командирі адамдардың көшеден кіруін болдырмау үшін мектеп ғимаратының барлық есіктеріне кезекші қояды. Есіктердің қымталуын және мектеп ғимаратының қорғалуын ұйымдастырады.

РХҚ тобының бастығы ахуалды бақылауды (желдің бағытын, залалды бұлттың жақындауын)  ұйымдастырады және мектеп директорына  жол қозғалыс бағытын өзгерту қажеттілігі туралы баяндайды.

Санитарлық дружинаның командирі  зақымданушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады.

Оқушылар дабылды зерделейді. Сынып жетекшілерінің басшылығымен төменгі қабаттағы сыныпқа бекітілген бөлмеге көшеді. Есік пен терезені қымтайды.

Бастауыш сыныптарды жоғары сынып оқушылары қымтайды (4-5 адам). Қажет жағдайда барлық паналанушылар қарапайым тыныс алу органдары құралдарын пайдаланады.

Қоғамдық тәртіп сақтау командасының жеке құрамы адамдарды көшеге шығармау үшін есіктің алдында тұрады, есіктерді қымтайды (жамылғы іледі) және ғимаратты күзетеді.

РХҚ тобының жеке құрамы ахуалды бақылайды және байқалғанның бәрін РХҚ тобының бастығына баяндайды.

Санитарлық дружинаның жеке құрамы зақымданушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырды.

«Г» нұсқасы бойынша газданған қауіпті нысанда оқытушылар мен оқушыларды мектепті паналату бойынша барлық іс әрекеттер төмендегілерді қоспағанда «В» нұсқасындағыдай жүзеге асырылды. Атап айтқанда мектептің бүкіл ұжымы мектеп ғимаратының жоғарғы қабатындағы бөлмелерге жасырынады. Мақта мата дәке таңғыштарын жасап оны ауыз, тыныс алу органдарна таңады.

Іс-шара соңында мектеп директоры тұрақты құрамның кеңесінде орынбасарларын, дәнекерлерді тыңдайды (қысқаша жаттығу қорытындысын шығарады), ұстаздар мен оқушылардың іс-әрекетін талдайды, кемшіліктерді анықтайды, жеке талдау өткізу үшін сынып жетекшілеріне уақыт белгілейді. Азаматтық қорғаныс бастығы мектеп директоры төтенше жағдай жөніндегі бөлімге (басқармаға) және білім бөліміне өткізілген жаттығу туралы есеп береді.

Сынып жетекшілері жаттығу қорытындысын шығару жөніндегі кеңесте өз іс-әрекеттерінің бағалануын, анықталған кемшіліктерді зерделейді, кемшіліктерді жою жолдарын анықтайды, сыныптарда жеке талдау өткізу үшін материал дайындайды.

Сынып жетекшілері белгіленген уақытта оқушылармен жеке талдау өткізеді.

Оқушылар жаттығу кезінде өздері жіберген қателерді зерделейді.