ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП ЕНДІ БОЛМАЙДЫ

62
0

Мемлекет Басшысы қалалық мәслихаттың қарауына екі кандидат ұсынып, Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып қайта тағайындалды. Халық қалаулылары осындай шешім қабылдады. Жұртшылық бұл тағайындауды ықыласпен қарсы алды.

Оған себеп те жоқ емес. Соңғы жылдары қаламызда ауқымды істер атқарылып жатыр. Президент Қазақстанның жарқын болашағы үшін оқушыларға барынша жағдай жасалатындығын өз Жолдауында да өзек еткен. Соның бірі де бірегейі білім саласында бүгінгі күн талабына жауап бере алатын мектептермен қамту болатын. Осы мәселе Шымкентте оңтайлы шешіліп жатыр.

2023 жылы Шымкентте үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен шешіледі. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов жергілікті мәслихат депутаттарының кезекті ХХІІ сессия отырысында жасаған есебінде айтқан болатын.
«Білім беру нысандарын дамыту мақсатында 2025 жылға дейін 101 мектеп салу жоспарда бар. Мемлекет басшысының бастамасымен «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 2025 дейін 38 мыңға жуық орынды 25 мектепті пайдалануға береміз», — деді қала басшысы.
Былтыр қалада 25 мектеп пайдалануға берілсе, биыл 48 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. 37 мектеп пайдалануға берілсе, оның төртеуі мемлекеттік. Осының нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 9-дан 4-ке, ыңғайластырылған мектеп саны 4-ден 3-ке дейін азайды. «Балалар жылына» орай қалада бірқатар маңызды шаралар қолға алынды.
105 мыңнан астам бастауыш сынып оқушылары көп жылдан бері алғаш рет тегін ыстық тамақпен қамтылса, 58 мыңнан астам оқушыға мектеп формасы берілді.
Сонымен қатар қала бойынша балалардың үйірмелермен қамту көрсеткіші жан басына қаржыландыру есебінен 45%-дан 75%-ға жетті.
Бүгінгі таңда шаһарда «Оқушылар сарайы», «Балалар шығармашылық мектебі», балаларға арналған 157 ойын алаңы мен 40 спорт алаңша құрылысы жүргізіліп жатыр.

Енді өзі бастамашы болған іргелі істерді кезең-кезеңімен жүзеге асыру қала әкімі Мұрат Әйтеновтің құзырында.

Ұлықпан БӘШЕНОВ,
Абай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы