ШЫМКЕНТТЕГІ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ

99
0

Шымкент қаласында өнеркәсіп саласында 751 кәсіпорын белсенді жұмыс жасауда, оның ішінде 617 өңдеу өнеркәсібінде, деп хабарлайды Uakit.kz.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2022 жылғы 10 айында 750,3 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,8 пайызға артты. Бұл көрсеткіш бойынша Шымкент қаласы республикада 5 орында. Жыл соңына дейін өнеркәсіп өнімінің көлемі 915,6 млрд. теңгені құрайды деп күтілуде.
Өңдеу өнеркәсібінде 666,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 7,3 пайызға өскен. Бұл көрсеткіш бойынша Шымкент қаласы 6 орында. Өңдеу өнеркәсібі саласында 22,2 мың адам жұмыс жасауда. 10 айда қалыптасқан жағдай және өңдеу өнеркәсібінің салаларына жасалынған талдау нәтижесі негізгі салаларда тұрақты өсу динамикасы қалыптасқанын көрсетті.
Атап айтқанда, мұнай өңдеу өнімдерін өндіруде 22,3%, химия өнеркәсібінде 29,0%, фармацевтика өнеркәсібінде 10,5%, резина және пластмасса бұйымдар өндіруде 15,2%, өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру 5,5%, дайын металл бұйымдарын өндіруде 7,5%, қағаз және қағаз өнімдерін өндіруде 10,7%, өзге де дайын бұйымдарын өндіруде 42,4%, жиһаз өндіруде 3,2%-ға өнім көлемі артқан.
Айта кету керек, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше

  • қала экономикасына 327,9 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артты;
  • шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 101 мың бірлікті құрап, өткен жылмен салыстырғанда 39 пайызға артты;
  • бөлшек сауда көлемі 417,9 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 11,5 пайызға артты.

Сонымен қатар, Шымкент қаласында 9 айдың қорытындысы бойынша 101 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді (заңды тұлғалар – 19,1 мың бірлік, жеке тұлғалар – 77,5 мың бірлік, шаруа қожалықтары – 4,3 мың бірлік), өткен жылдың сәйкес кезеңіне бұл көрсеткіш 39%-ға өсім көрсетті. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 179,9 мың адам жетіп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,4%-ға өскен.