ЖАСТАР ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕКОРДСМЕНІ АКБАР ЕЛУБАЙҰЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығы мен Политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен TED X форматында Джиу-джитсудан әлемнің ІІ дүркін чемпионы, спорттың алты түрінен спорт шебері, еркін күрестен Азияның күміс жүлдегері, панкратионнан әлемнің күміс жүлдегері Қазақстанның рекордсмені Акбар Елубайұлымен кездесу өтті.
Аталған кездесудің басты мақсаты — жастарға тәлім-тәрбие мен рухани бағыт бағдар беру. Кездесу барысында спортшылар жастарды салауатты өмір салтын сақтауға, зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстап, өзіне еліне пайдасын тигізетіндей іспен айналысуға шақырды. Спортшының әңгімелерін тыңдаған жастар бүгінгі күннің батырларын ризашылығын білдіріп, жеңісті сәттері көп болуын тіледі. Қатысушы жастар қызығушылықтарын танытып, ел мақтанышына өздерін мазалаған сұрақтарын жолдады. Айта кетейік, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығы мен «Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы» мүшелерінің ұйымдастыруымен М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Жастарды өмірлік дағыларға бейімдеу» тақырыбында психолог мамандардың қатысуымен кездесу өтті. Аталған кездесу қыздардың өсіп дамуына қолайлы психологиялық жағдай жасау және дұрыс бағыт бағдар беру мақсатында ұйымдастырылды. Кездесу барысында психолог мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қыз баласының қоғамдағы орнына тоқталды. Сондай-ақ, өмірлік дағдыларға бейімдеу, психологиялық сауаттылықты арттыру мақсатында әңгімеледі. Жиын соңында психологтар жастармен кері байланыс орнатып, сұрақтарына жауап берді. Одан бөлек, Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Индустриялды техникалық колледжінде «Өмір — сен маған қымбатсың» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Орталық психологымен өткен кездесуде жастарға аутодеструктивті іс-әрекет, құқықбұзушылық және зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сергіту сәтіне арналған бірнеше жаттығулар ойнатылды.