«ІСКЕР ҚАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫП КЕЛЕДІ

95
0

Үшінші мегаполисте шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту аясында қолға алынған «Іскер қала» өңірлік бағдарламасы 3 кезеңмен жүзеге асырылады. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында республикада алғаш рет әкімдік тарапынан «Іскер қала» өңірлік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Т.Дербіс мәлімдеді.

Салаға жауапты маманның айтуынша, өңірлік бағдарламаның негізгі бағыттары мен ерекшеліктерінің бірі  ол — шағын және орта бизнеске жеңілдетілген несие беру және тоқтап тұрған кәсіпорындарды қайта жандандыру. Жеңілдетілген ниесе жастар мен әйелдер қызмет ететін кәсіпкерлерге 1%-бен 10 млн. теңгеге дейін, өндірістік алаңдарының қатысушыларына жылдық 2%-бен 50 млн. теңгеге дейін жеңілдікпен несиелер ұсынылмақ. Бүгінгі таңда, жыл басынан 333 млн. теңгеге 37 жобаға жеңілдетілген несиелер берілді. Ал, тоқтап тұрған кәсіпорындарды қайта жандандыру бағыты бойынша да бірқатар жұмыстар жүргізуді көздеп отыр. Яғни тоқтап тұрған кәсіпорындардың өндірістік алаңдарын пайдалан отырып, шағын кәсіпорындармен толтыру арқылы шағын бизнестің жаңа жобалары жүзеге асырылады, нәтижесінде бір неше тоқтап тұрған кәсіпорындардың өндірістік алаңдары жанданады түспек. Сондай-ақ, өнеркәсіптік парктерде үш жыл ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен шағын кәспорындардың жалдау ақысының шығындары өтеледі. 1-жылы 75%, 2-жылы 50%, 3-жылы 25%. Аталған бағыт шеңберінде қаламызда бір неше жылдар бойы тоқтап тұрған ірі кәсіпорын «Трубмашхолдинг» ЖШС-нің базасында 2022 жылы алғашқы өндірістік парк ретінде «Silkway Alliance» алаңы пилоттық жоба ретінде іске асырылды. Аймақтың алаңы – 4,4 га, өндірістік алаңдарының аумағы – 3,5 мың ш.м. толық инфрақұрылыммен қамтылған. Бүгінгі күні өндірістік паркте, инвестиция көлемі 1,05 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба іске асырылуда, 120 жұмыс орны құрылған. Жалдау ақысын өтеу бойынша бүгінгі күнде 13,0 млн. теңгеге қолдау көрсетілді. «Silkway Alliance» өндірістік паркі толуына байланысты, инфрақұрылымымен толық жабдықталған «Қайнар май» ЖШС тоқтап тұрған ірі кәсіпорының базасында тағы да жаңа өндірістік парктің дайындық жұмыстары жүргізілуде, аумағы 4,3 га, өндірістік алаңы 10 мың 500 ш.м. Аталған өндірістік паркте 48 шағын кәсіпорынды іске асыру жоспарлануда. Сонымен қатар, қаламыздағы бұрынғы қорғасын зауытының аумағында шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында республикада алғашқы болып «Standard» жеке индустриялық аймағы құрылысы жоспарлануда. Іске асыру мерзімі 2022-2023 жылдары жоспарланған, дайын өндірісті парктер салуға жеке инвестиция көлемі 20 млрд. теңге, өндірістік алаңдарының аумағы жалпы 176,7 мың ш.м. құрайды.