ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

78
0

Үшінші мегаполисте атаулы әлеуметтік көмекті алатын азаматтарға кешенді әлеуметтік көмек көрсетілуде. Атаулы әлеуметтік көмек – бұл аз қамтылған азаматтарға және табыстары төмен деңгейдегі отбасыларға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем түрі. Бүгінде атаулы әлеуметтік көмек төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтқанда, аз қамтамасыз етілген отбасыларға ақшалай төлем, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар, яғни оқытуға, жастар практикасына, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, шағын несие және грант беруге, тұрақты жұмыс орындарына жолдама беру, табысы аз отбасылардың балалары үшін кепілдендірілген әлеуметтік топтама (азық-түлік жиынтығымен және тұрмыстық химия жиынтығымен қамтамасыз ету; оқу орны бойынша тегін тамақтануды, мектеп формасы мен мектеп керек-жарақтарын, қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруді ұсыну). 2022 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға аз қамтамасыз етілген  11 988 отбасыға (59 051 адам) тағайындалды. 2022 жылдың 2 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға аз қамтамасыз етілген 8 964 отбасыға (43 762 адам) тағайындалып, 2022 жылдың 3 тоқсан  бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға аз қамтамасыз етілген 7 618 отбасыға (37 623 адам) тағайындалды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1-6 жас аралығындағы балаларына 2022 жылға кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен орта есеппен 45 673 баланы қамтамасыз ету жоспарланған. Қазіргі таңға орта есеппен 57 908 пакет берілді. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 19 154 азамат жұмысқа жарамды, оның ішінде өтініш берген кезде 12 291 азамат жүгіну кезінде жұмысы барлар. 542 адам нәтижелі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан. Атап айтсақ, 308 тұрақты жұмыс орындарына, 12 қоғамдық жұмыстарға, 19 жастар практикасына, 68 әлеуметтік жұмыс орындарына, 89 өз кәсібін ашуға ықпал етілді, 46 қайтарамсыз грант. Айта кету керек, АӘК отбасының әрбір мүшесіне кедейлік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар азаматтарға тағайындалады. Бүгінгі күні кедейлік шегі күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде немесе 2022 жылдың 3 тоқсанына орта есеппен 28 714 теңге болып белгіленді. Осылайша, бір адамға (отбасына) келетін АӘК-тің мөлшері жан басына шаққандағы орташа кіріс пен әр мүшесіне негізделген белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.