ӨРТ АВТОМАТИКАСЫ ЖҮЙЕСІ АПАТТЫ ТУДЫРМАЙДЫ

Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сигнализациясы жүйелерімен, автоматты өрт сөндіру және өрт туралы адамдарды құлақтандыру қондырғыларымен жабдықтау нормалары талаптарында айқындалған объектілер тізбесіне сәйкес өрт автоматикасы жүйелерімен және қондырғыларымен қамтамасыз етіледі.

Қолданыстағы заң талаптарында өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын монтаждау жөніндегі жұмыстар жобалау құжаттамасына сәйкес жүргізіледі. Нысанда  өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын білікті пайдалану және техникалық жарамды күйде күтіп-ұстау үшін басшының бұйрығымен мынадай персонал тағайындалады:

— өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын үздіксіз пайдалануды қамтамасыз ететін адам;

— өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына қызмет көрсетуге шарт болмаған кезде, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету және оларды жоспарлы-алдын ала жөндеу бойынша жұмыстарды орындау үшін мамандар. Мамандарды оқытуды өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға жауапты адам объектінің басшысы бекіткен бағдарлама бойынша жүргізеді.

Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын үздіксіз пайдалануды қамтамасыз ететін адам:

– осы Қағидалардың талаптарының орындалуын;

– шарт бойынша графикке және күнтізбелік жұмыс жоспарына сәйкес техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын ала жөндеу бойынша жұмыстарды бақылауды және қабылдауды;

– дайындаушы зауыттың нұсқаулығына сәйкес өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының жұмысқа қабілеттілігіне техникалық қызмет көрсетуді, жоспарлы-алдын ала жөндеуді жүргізудің және тексерудің дұрыстығын;

– қызмет көрсетуші және кезекші персоналды оқытуды, сондай-ақ қорғалатын үй-жайларда жұмыс істейтін адамдарға өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары іске қосылған кездегі іс-қимылдар бойынша нұсқама беруді;

– қажетті пайдалану құжаттамасын әзірлеуді және оны жүргізуді қамтамасыз етеді.

Өртке қарсы қорғау жүйелерінің техникалық құралдарына техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын ала жөндеу бойынша жұмыстарды, бастапқы өрт сөндіру құралдарының болуын және олардың жай-күйін тексерулерді есепке алу автоматтандырылған жүйеге сәйкес өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының пайдалану журналында көрсетіледі.

Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жоспарлы-алдын ала жөндеуді объектінің білікті мамандары немесе әлсіз тоқ жабдығымен жұмыс саласындағы ұйымдар орындайды.

Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету мен оларды жоспарлы-алдын ала жөндеу:

– жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізуді;

– ақауларды жоюды және ағымдағы жөндеу жүргізуді қамтиды.

Техникалық қызмет көрсету, жоспарлы-алдын ала жөндеу мерзімділігі мен жұмыстардың көлемдері қызмет көрсетілетін өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының техникалық құралдарына арналған пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкес айына кемінде 1 рет белгіленеді. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың, кезекші және қызмет көрсетуші персоналдың, техникалық қызмет көрсетуді және жоспарлы-алдын ала жөндеуді жүргізуге жауапты адамның лауазымдық нұсқаулықтары, ұйыммен техникалық қызмет көрсетуді және жоспарлы-алдын ала жөндеуді жүргізуге арналған шарттың көшірмелерінің (ұйымдар қызмет көрсететін объектілердің болуын қамтамасыз етеді.

Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары кезекші (жобалық) жұмыс режимінде тұрақты ұсталады.

Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын өшіруге байланысты жүргізілетін техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын ала жөндеу бойынша жұмыстарды орындау кезеңінде объектінің әкімшілігі өрт автоматикасы жүйелерімен және қондырғыларымен қорғалатын объектілердің өрт қауіпсіздігін қосымша іс-шаралармен қамтамасыз етеді.Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының құрамына кіретін техникалық құралға құжаттамада көрсетілген қызмет мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары істен шыққан жағдайларда, осы жүйелер мен қондырғыларды мақсаты бойынша одан әрі пайдалану мүмкіндігін анықтау мақсатында оларға техникалық куәландыру жүргізіледі.Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын техникалық куәландыруды тапсырыс беруші мен монтаждау-баптау (іске қосу-баптау) ұйымы өкілдерінің қатысуымен комиссия әрбір бес жыл сайын жүргізеді.

Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын монтаждау бойынша орындалатын жұмыстар «Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың құрылысын ұйымдастыру» талаптарына сәйкес ресімделеді. Объектінің қызмет көрсетуші персоналы немесе орындаушы объектіде орнатылған өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының құрылысы мен жұмыс принципін білуге, осы Қағидалардың талаптарын, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалану жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтардың талаптарын білуге және орындауға, белгіленген мерзімде регламенттік жұмыстарды жүргізуге және пайдалану құжаттамасын еркін нысанда толтыруға тиіс.