СПОРТТЫҚ ҮЙІРМЕГЕ БАРАТЫН БАЛА САНЫ 16 МЫҢНАН АСТЫ

74
0
Шымкентте бұқаралық спорт қарқынмен дамып келеді, деп хабарлайды Uakit.kz.
Биыл ұйымдастырылған «Шымкент жастар лигасына» 6 мыңға жуық оқушы қатысты. Қазіргі уақытта лиганың ІІІ маусымы басталып, іріктеу кезеңі өтуде.
Спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Металлург» стадионын реконструкциялау, №12 спорт мектебі ғимаратына қосымша құрылыс және Бозарық ш.а. ауыр атлетика спорт кешені, «Медициналық колледжі» спорт залының құрылысы жүргізілуде.
Тағы бір айта кетерлігі, биылдың өзінде спорттық үйірмелермен жан басына шаққанда қаржыландыру арқылы 16 мыңнан астам бала қамтылды.
Жоғары спорттық жетістіктер бойынша қала спортшылары Қазақстан Республикасының, Азия, Әлем чемпионаттарында 688 алтын, 605 күміс және 641 қола медальдеріне ие болды. Ал футболдан әйелдер клубының «Шымкент – БИІК» командасы осы жылы да 11-ші рет ҚР чемпионы атанды.
Бұдан бөлек, Шымкентте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының міндеттерін іске асыру аясында «Қолжетімді спорт» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба қаладағы 4 саябақта яғни «Орталық», «Жеңіс», «Металлургшілер» және «Абай» саябағында іске асырылуда. Жоба аясында 12 жаттықтырушы қызмет етеді. Бүгінде олар скандинавиялық жүріс, үстел теннисі, каратэ және фитнес спортымен қала тұрғындарына жаттығу жұмыстарын жүргізуде.
«Қолжетімді спорт» жобасы аясында қала аумағында бірқатар спорттық іс-шаралар өткізіліп келеді. Солардың бірі — «Tartyl fest» спорт фестивалі.
Фестиваль Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілді. Республикалық «Tartyl Fest» турникте тартылу бойынша бесінші республикалық спорт фестивалі өткізілді. «Tartyl Fest» спорт фестивалге 2085 қатысушы онлайн тіркеліп, 624 адам жарысқа қатысты. Сондай-ақ, жоба аясында «Брусья FEST» спорттық-бұқаралық фестивалі де ұйымдастырылды. Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен «Брусья FEST» спорттық-бұқаралық фестивалі «Спорт күні» мерекесінде қарасаңында «Орталық» саябақта өтті. Іс-шараға Алматы, Қонаев, Тараз, Түркістан қалаларының тұрғындары келіп, жалпы саны 357 адам тіркеліп, өз бақтарын сынады.
Жоба шеңберінде Шымкентте «Shymkent Marathon» бұқаралық-спорттық іс-шарасы кең көлемде өтті. Жарысқа Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, Қырғызстан елдерінен келген және Шымкент қаласының тұрғындар, әуесқой спортшылар да қатысты.