ШЫМКЕНТТЕ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 20 ПАЙЫЗҒА АРТҚАН

96
0

Шымкент қаласына 327,9 млрд. теңгеге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға артқан, деп хабарлайды Uakit.kz.
Инвестиция мемлекеттік бюджеттен 80,2 млрд.теңге, жеке көздерден – 247,7 млрд.теңге есебінен қалыптасты. 2022-2026 жылдарға арналған жалпы құны 2,6 трлн. теңгені құрайтын 20 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 283 жобаның пулы жасақталған. Ағымдағы жылы 173,1 млрд.теңгеге 50 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. 283 жобаның 66-сы өңдеу өнеркәсібінде жүзеге асырылуда. Осы жобаларды іске асыру үшін 622 млрд. теңгенің инвестициясы тартылатын болады. 2022 жылы жалпы сомасы 51 млрд.теңгеге 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрумен 13 жобаны іске қосу жоспарлануда. Оның ішінде 29,2 млрд. теңгеге 6 жоба іске асырылды, 500-ден аса жаңа жұмыс орны құрылды.
Қалада жалпы аумағы 886 га құрайтын 5 өндірістік алаң жұмыс істейді, онда 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 345,8 млрд. теңгеге 237 инвестициялық жоба іске асырылуда. Өндірістік алаңдарды құруға мемлекет тарапынан 17,8 млрд. теңге жұмсалса, бюджетке салық түсімдері түрінде 2 еседен астам өтелді (36 млрд.теңге). Сонымен қатар, жаңа өндірістік алаңды құру және қолданыстағы өндірістік алаңдарды кеңейту жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылы жалпы ауданы 306 га құрайтын «Жұлдыз» индустриялық аймағы пайдалануға беріледі. Мұнда 200 млрд. теңгеге 50 ірі жобаны іске асыру және 5 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бүгінгі таңда құны 130 млрд. теңгені құрайтын 25 жобаны іске асыру үшін жер учаскелері берілді.
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын 175 гектарға кеңейту жұмыстары басталды, іске асыру мерзімі 2022-2024 жж. 150 млрд. теңгеге 30 ірі жобаны іске қосу және 3 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда. Сонымен қатар, көлік-логистикалық аймағын 136 гектарға кеңейту көзделуде. Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, көлік-логистикалық аймағын кеңейте отырып, бүкіл оңтүстік өңірі үшін өңірлік хабты құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жобаны іске асыру мерзімі 2022-2027 жж. Аталған аймақта 86 млрд. теңгеге 20 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Сонымен қатар, жалпы алаңы 132 га құрайтын «Бозарық» агро-индустриялық аймағында инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде. Бұл жоба 2 кезеңде жүзеге асырылады. Аталған аймақта 23 млрд. теңге сомасына 21 жоба іске асырылатын болады.