ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖОБАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛГЕН

91
0

Үшінші мегаполистегі «Тассай» индустриалды аймағында халықтың тұрмыс жағдайына қажетті өнімдер шығарылып жатыр. «Тaba industrial» серіктестігі Шымкенттегі халыққа қажетті өнімдерді шығаратын зауыт. Нақтырақ айтқанда тұрмыс пен құрылысқа қажетті құралдарды өндіреді. Олар құралмалы баспалдақтар, киімді кептіруге арналған жайғыш пен киім үтіктеуге арналған құрал. Зауыттағы шикізаттың 80-85 пайызы отандық өнім. Ал 50-ге жуық қондырғыларды компания Түркия елінен әкелінген. Мұндағы өнімдердің барлығы сапалы маталлдан жасалады.

«Менің қызметім дәнекерлеу. Алғашқыда темірлер арнайы қондырғылардан өтеді. Қондырғылар тиісті көлемде кесіп шығарады. Сонда соң менің қызметім басталады», — деді «TABA INDUSTRIAL» ЖШС қызметкері Бегал Көшкенбаев. Зауытта шығарылатын үш өнім түріне деген сұраныс артқан. Сәйкесінше еліміздің барлық аймақтарына таратылады, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан елдеріне экспортталады. «Кәсіпорында шығарылған өнімдердің сапасы жоғары. Шығарылып жатқан сатымыздың ұзындығы 1,5 метрден бастап 5 метріге дейінгі аралықта шығарып отырмыз. Ал киім үтіктеу құрылғылармыз кез келген шетел өнімдерімен бәсекесе алады. Материалдарды біз Қазақстандық өндірушілерден аламыз», — дейді «Тaba industrial» ЖШС қызметкері Жамал Омарова. Кәсіпорын жылына киім үтіктеу жабығының 15 мың данасын, киім кептіруге арналған құралдың 15 мың данасын және басбалдақтың 50 мың данасы шығарылады. Басбалдақтың 6 сатылығының ұзындығы 1,5 метр болса, 12 сатылы басбалдақтың ұзындығы 5 метрді құрайды. Айта кету керек, Шымкентте жалпы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау мақсатында 2022 жылға 15,7 млрд. теңге қаржы бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен – 12,2 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 3,5 млрд. теңге. Жалпы жыл басынан 11,1 млрд. теңгеге 3 028 жобаға қолдау көрсетілген. Осының арқасында шағын және орта кәсіпкерліктің даму қарқыны артып келеді.