АДАМДАРДЫҢ ТҰРУЫНА АРНАЛҒАН ҒИМАРАТТАРДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕСІ

Адамдар жаппай келетін ғимараттарда (құрылыстарда) өрт кезінде электр энергиясын өшірген жағдайда, кезекші персонал жұмысқа қабілетті жай-күйдегі электр фонарьларымен қамтамасыз етіледі. Фонарьлар санын ұйым басшысы объектінің ерекшеліктеріне байланысты, бірақ әрбір кезекшіге кемінде 1 фонарьдан анықтайды.

Адамдар тәулік бойы болатын ғимараттар үшін әзірленген өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықта адамдарды өздігінен эвакуациялау, сондай-ақ ұйым персоналының өздігінен эвакуациялануға қабілетсіз адамдарды тәуліктің жарық және қараңғы уақыттарында эвакуациялау нұсқалары қамтылады.

Адамдар жаппай болатын объектіде ұйым басшысы жарты жылда кемінде 1 рет еркін нысанда толтырылатын жаттығулар журналында көрсете отырып, практикалық жаттығулар өткізуді қамтамасыз етеді.

Адамдар тәулік бойы болатын объектілердің басшылары күн сайын объектіге шығу ауданындағы өрт сөндіру бөліміне әрбір объектідегі адамдардың саны туралы мәліметті жолдауды қамтамасыз етеді.

Ғимараттар мен құрылыстардың функционалдық мақсатын өзгертуге, оларға күрделі жөндеу, техникалық қайта жарақтау, реконструкциялау және қайта жоспарлау «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына жобалау құжаттамасы жүзеге асырылады.

Барлық өндірістік және қойма үй-жайлары үшін, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар үшін жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі санаттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) Электр қондырғыларын орнату қағидаларының (бұдан әрі – ЭҚОҚ) талаптарына сәйкес аймақтардың кластары анықталып, үй-жайлардың есіктерінде тиісті белгілермен белгіленеді.

Өрт қауіптілігі жоғары жабдықтың жанында қауіпсіздік белгілері орнатылады.

Өндіріс процестерінде жарылыс-өрт қауіптілігі көрсеткіштері зерттелмеген заттар мен материалдарды қолдануға, сондай-ақ оларды басқа заттармен және материалдармен бірге сақтауға жол берілмейді.

Ғимараттар мен құрылыстар олардың пайдаланылу циклінің барлық кезеңдерінде жарамды бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.      Бастапқы өрт сөндіру құралдарын және өрт сөндіру автоматикасы жүйелерін орналастыру орындары стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес өрт қауіпсіздігі белгілерімен белгіленеді.

Ғимараттар мен құрылыстарда есіктердің өздігінен жабылуына арналған құрылғылар жарамды күйде ұсталады.

Өртке қарсы есіктер мен түтіннен құрылғылардың (шымылдықтардың, экрандардың, перделердің) еркін жабылуына кедергі келтіретін құралдарды орнатуға жол берілмейді.

Өрттің шығуына әкелуі мүмкін ақаулары бар жабдықтарда жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.

Қажетті отқа төзімділік шегін қамтамасыз ету және өрт қауіптілігін төмендету үшін ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс конструкцияларын өңдеу және «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінде аккредиттелген зертханада сынақтар жүргізу арқылы қол жеткізілген нәтижелерді растай отырып, оларды оттан қорғау құралдарымен өңдеу талап етіледі.

Отқа төзімділіктің барлық дәрежесіндегі ғимараттарда (отқа төзімділіктің V дәрежесін қоспағанда) жанғыш материалдардан жасалған шатыр жабындарының ілмектері мен торлары оттан қорғағышпен өңделуі тиіс.

Оттан қорғау құрамдарын жағу жұмыстарын жүргізу оттан қорғау құралына арналған техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Ұйым басшысы оттан қорғайтын тозаңды құрамдардың, оттан қорғау майларының, сылақтың, құрылыс конструкцияларының плиталарымен, табақты және басқа да оттан қорғау материалдарымен қаптамалардың, жанғыш өңдеу және жылуды оқшаулау материалдарының, ауа өткізгіштердің, жабдық пен эстакадалардың металл тіректерінің зақымдануларын жоюды қамтамасыз етеді, сондай-ақ оттан қорғау өңдеуінің (сіңіргішінің) жай-күйін тексеруді жүзеге асырады.

Оттан қорғау өңдеуінің (сіңіргішінің) жай-күйін ол жүргізілгеннен кейін техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінде аккредиттелген зертханалармен, ал кейіннен стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес тексеріледі.

Өртке қарсы тосқауылдардың инженерлік және технологиялық коммуникациялармен (оның ішінде электр сымдарымен және кабельдермен) қиылысқан жерлерінде пайда болған ойықтар мен саңылаулар қажетті отқа төзімділік шегі мен түтін-газ өткізбеуді қамтамасыз ететін, жанбайтын материалдармен бітеледі.

Ғимараттар мен құрылыстарда (жеке тұрғын үйлерді қоспағанда):

— жертөлелерде, цоколь қабаттарында, шатырларда, техникалық қабаттар мен үй-жайларда, желдету камераларында тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, жарылғыш заттарды, пиротехникалық бұйымдарды, жанғыш газдары бар баллондарды, аэрозоль орамындағы тауарларды, целлулоидты, жарылыс-өрт қауіпті, жанғыш заттар мен материалдарды сақтауға және жинауға;

Жобалау құжаттамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жертөлелерді, цокольдық қабаттарды, шатырларды, техникалық қабаттарды және үй-жайларды, желдеткіш камераларын нысаналы мақсатынан тыс пайдалануға және қолдануға;

Лифт холлдарын нысаналы мақсатынан тыс пайдалануға;

Қабаттардағы дәліздерден, холдардан, фойеден, тамбурлардан және баспалдақ алаңдарынан эвакуациялық шығу жолдарының жобада көзделген есіктерін, сондай-ақ эвакуациялау жолдарында өрттің қауіпті факторларының таралуына кедергі келтіретін басқа да есіктерді алып тастауға;

Нәтижесінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялау жағдайлары нашарлайтын, өрт сөндіргіштерге, өрт крандарына және басқа да өрт қауіпсіздігі құралдарына қол жеткізу шектелетін немесе автоматты өртке қарсы қорғау жүйелерінің (автоматты өрт сигнализациясының, стационарлық автоматты өрт сөндіру қондырғыларының, түтін жою жүйелерінің, құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйелерінің) әрекет ету аймағы азаятын көлемдік-жоспарлау шешімдерін өзгертуді жүргізуге;

Есіктерді, люктерді, жанама секцияларға өтетін жерлерді және эвакуациялау сатыларына шығу жолдарын үйіп тастауға, балкон араларындағы сатыларды демонтаждауға, сондай-ақ пәтерлердің балкондары мен лоджияларындағы люктерді дәнекерлеуге;

Май сіңген сүрткіш материалды жинамай қалдыруға;

Ғимараттың барлық қабаттарының терезелерінде және жертөлелердің терезелеріндегі ойықтарда (қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелердің және қылмыстық-атқару жүйелері объектілерінің, мекеме қоймаларының, кассаларының, қару-жарақ бөлмелерінің, құпия бөлімдерінің, прекурсорларды сақтау және олардың айналымы үй-жайларын қоспағанда) торларды орнатуға;

Түтінденбейтін баспалдақ алаңдарына апаратын балкондарды, лоджияларды және галереяларды шынылауға;

Баспалдақ торларында, алаңдарында және дәліздерде қоймалар (қосалқы үй-жайлар) орнатуға, сондай-ақ баспалдақ сатыларының астында және баспалдақ алаңдарында заттарды, жиһаз бен басқа да жанғыш материалдарды сақтауға жол берілмейді. Бірінші және цокольдік қабаттардың баспалдақ сатыларының астында орталық жылу беруді басқару тораптарына, су өлшеу тораптарына және жанбайтын материалдардан жасалған қалқалармен қоршалған электр қалқандарына арналған үй-жайларды орналастыруға жол беріледі;

Ғимараттардың өндірістік және қойма үй-жайларында (отқа төзімділігі V дәрежелі ғимараттардан басқа) жобалау құжаттамасында көзделген жағдайлардан басқа, жапсарлас үй-жайларды орнатуға;

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру құралдарына, сондай-ақ құтқару құрылғыларын бекіту орындарына өту жолдарын үйіп тастауға және жабуға жол берілмейді.

Газ құбырларынан, газ баллондарынан және аспаптардан, қатып қалған құбырларды қыздыру аспаптарынан, инженерлік коммуникациялардан газдың шығуын анықтау үшін ашық отты қолдануға жол берілмейді. Қатып қалған құбырларды, жабдықтарды, инженерлік коммуникацияларды қыздыру ыстық сумен, бумен және қызған құммен жүргізіледі.

Ғимараттар мен құрылыстардың шатырларындағы сыртқы өрт сөндіру сатылары мен қоршаулары жарамды күйде күтіп-ұсталады және оларға бес жылда кемінде бер рет стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес пайдалану сынақтары жүргізіледі.

Бір мезгілде 50-ден астам адамның болуына арналған үй-жайларда, сондай-ақ бір мезгілде 15-тен астам адамның болуына арналған жертөле мен цокольдік қабаттардың үй-жайларында кемінде екі эвакуациялық шығу жолы көзделеді.

Отқа төзімділігі IV және V деңгейдегі ғимараттар мен құрылыстарда бір мезгілде 50 және одан астам адамның тек бірінші қабаттағы үй-жайларда болуына жол беріледі.

Шатыр үй-жайларының, сондай-ақ технология шарттары бойынша адамдардың тұрақты болуы талап етілмейтін техникалық қабаттар мен жертөлелердің есіктері мен люктері құлыпталады. Көрсетілген үй-жайлардың есіктері мен люктеріне қажет болған жағдайларда тәулік бойы қол жеткізу қамтамасыз етілуі тиіс кілттердің сақталатын орны туралы ақпарат ілінеді.

Ғимараттардың, құрылыстар мен құрылымдардың жертөлесі және цокольдік қабаттарының терезе ойықтарының шұңқыршалары қоқыстан және басқа заттардан уақтылы тазартылады. Терезелердегі тиектер ішінен кілтсіз ашылады.

Пайдаланылған сүртетін материалдар қақпақпен жабылатын, жанбайтын материалдан жасалған контейнерлерге жиналады. Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін көрсетілген контейнерлердің ішіндегісі ғимараттардан тыс шығарылады.

Майлармен, лактармен, бояулармен және басқа да тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен жұмыс істейтін адамдардың арнайы киімі осы мақсатқа арнайы бөлінген орындарда орнатылған металл шкафтарда ілінген күйінде сақталады.

Биіктігі 1 қабаттан жоғары витраждары бар ғимараттарда әрбір қабаттың деңгейіндегі витраждарда орнатылған түтін өткізбейтін, жанбайтын диафрагмалардың конструкцияларын бұзуға жол берілмейді.

Эвакуациялық жолдар мен шығу жолдарын пайдалану кезінде жобалау шешімдерін және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы құжаттардың (оның ішінде эвакуациялық жолдар мен шығу жолдарын жарықтандыру, олардың саны, өлшемдері және көлемдік-жоспарлау шешімдері бойынша, сондай-ақ эвакуациялау жолдарында өрт қауіпсіздігі белгілерінің болуы бойынша) талаптарын сақтау қамтамасыз етіледі.

Эвакуациялық шығу жолдарының есіктеріндегі тиектер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін жағдайларды қоспағанда, оларды ішінен кілтсіз еркін ашу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Автономды қоректендірілетін және эвакуациялау жолдарында қолданылатын электр желісінен қосылатын «Шығу», «Эвакуациялық (қосалқы) шығу», «Эвакуациялық шығу есігі» деген көлемді жарықтандырылған өрт қауіпсіздігі белгілері жарық индикациясы қосылып, жарамды күйде күтіп-ұсталады.

Эвакуациялық жарықтандыру жұмыс істейтін жарықтандырудың электрмен қоректендіргіші тоқтаған кезде автоматты қосумен қамтамасыз етіледі.