ЦИФРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ — ҚОҒАМ ӨМІРІН ЖЕҢІЛДЕТЕДІ

93
0

Қала аумағында интернет жылдамдығы төмен 21 шағын аудандар мен тұрғын алабтарын сапалы интернетпен қамту үшін Жол картасы әзірленіп, бекітілген, деп хабарлайды Uakit.kz.
Шымкент қаласындағы мобильді байланыс сапасы төмен 12 елді мекеннің координатасы операторлармен келісіліп, жер телімдері рәсімделіп, инвесторға ұсынылды. Бүгінде инвестор анықталған жер телімдерін қазу, бетон құю және антенна-мачталық құрылғыларды орнату жұмыстарын атқарды. Мобильді операторлар тарапынан базалық станцияны орнату үшін монтаждау жұмыстары атқарылуда. Нәтижесінде Жол картасында бекітілген 21 шағын ауданға алдағы 2 жыл көлемінде базалық станциялар орнатып, интернет сапасын 100% жеткізу жоспарланған.
Бұдан бөлек, қала бойынша  жалпы 6330 қоғамдық  қауіпсіздікті сақтау мақсатында бейнебақылау камералары және жол қауіпсіздігі қаматамасыз ету мақсатында сергек камералары орнатылған. Сонымен қатар қосымша ағымдағы жылы жалпы 1000 камера,  оның ішінде қоғамдық қауіпсіздікке 800 камера орнатылуда. Бейнебақылау камераларының ауқымын ескере отырып, Шымкент қаласының жедел басқару ортылығында жаңартылған бейнеқабырға құрылып, бақылау сапасы 3 есеге артты. Орнатылған бейнебақылау камералары қылмыстың алдын- алуға, болдырмауға және ізін суытпай ашуға­ өз көмегін тигізуде.
Осы орайда, есепті кезеңде жалпы қылмыстардың саны 10 пайызға төмендеді. Оның ішінде ауыр қылмыстар 4,2%-ға, орташа ауыр қылмыстар 11%-ға, бұзақылық 55,8%-ға, қарақшылық 36,4%- ға, ұрлық – 11,2%-ға  төмендеген. Одан басқа, жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында қала аумағында орналасқан 151 мектептің алдындағы жаяу жүргіншілер жолағына күнделікті ювеналды полиция бөлімінің мектеп инспекторлары 3 ауысыммен кезекшілікке тұрады.