ЕМДЕУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ӨРТ БОЛМАС ҮШІН НЕНІ ЕСКЕРУ КЕРЕК?

Спорт ғимараттарының емдеу-профилактикалық үй-жайларында, оңалту-қалпына келтіру орталықтарында орналасқан медициналық қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда тез тұтанатын дәрілік препараттарды сақтау үшін бірге сақтауға болатын заттардың тізбесі бар жанбайтын материалдардан жасалған шкаф көзделеді. Шкаф жылыту және жылыту аспаптарынан кемінде 1 м қашықтықта орнатылады.

Әртүрлі өрт қауіпті қасиеттері бар препараттарды шкафта бір сөреде сақтауға жол берілмейді.

Медициналық қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда пайдаланылған сүрту және таңу материалдарын уақытша сақтау үшін жабылатын қақпағы бар металл урна орнатылады. Объектінің жұмысы аяқталғаннан кейін жәшіктің ішіндегісі қоқысты ортақ сақтау орындарына шығарылады.

Спорт ғимараттарының емдеу-профилактикалық үй-жайларында, оңалту-қалпына келтіру орталықтарында орналасқан медициналық қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда медициналық құралдарды стерильдеу үшін сұйық немесе газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін жылыту аспаптарын (керогаздарды, керосин лампаларын, примустарды), сондай-ақ спиралі ашық электр плиталарын пайдалануға жол берілмейді.