МОНШАҒА ТҮСУ МҰҢ ӘКЕЛМЕУІ ТИІС

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженерлері қаладағы моншаларда өрт қауіпсіздігін сақталуы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді,-деп хабарлайды uakit.kz.

Басқарма қызметкерлері қаладағы 30-дан аса моншаларда келесідей өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын ескертті. Атап айтқанда:

– Құрғақ ыстық камераның жабдығында ақаулық пайда болған немесе жану белгілері (түтін, күйік иісі, құрғақ ыстық камераның ағаш қаптамасының көмірге айналуы) анықталған кезде оны пайдалану дереу тоқтатылады және бұл туралы объектінің әкімшілігіне хабарланады.

– Құрғақ жылу камерасынан шығатын түтік тікелей сыртқа шығарылады және бөлек ұсталады.

– Сауналардың үй-жайларында желіге қосылған тас пештің электр қыздырғышын қараусыз қалдыруға, саунаның үй-жайларында арнайы жабдықталған орындардан тыс тұрмыстық электр қыздырғыш аспаптарын пайдалануға жол берілмейді.

– Төбенің астындағы тас пештің үстінде төбенің қаптамасынан кемінде 0,05 м қашықтықта жанбайтын жылу оқшаулағыш қалқан қамтамасыз етіледі.

– Тас пештің оттығы бу бөлмесіне жапсарлас арнайы үй-жайда көзделеді.

– Қорғаныс экраны жоқ электр тас пешті пайдалануға жол берілмейді.

– Ғимаратқа кіреберісте өрт қауіпсіздігі шаралары туралы ақпарат орналастырылады.