МЕШІТТЕРДЕ ӨРТ БОЛМАС ҮШІН…

Ғибадат құрылыстарын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігі болмас үшін төмендегі талаптарды сақтау қажет.

Ғибадат құрылыстарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Шам қойғыштар, шырақтар және ашық от қолданылатын жарықтандыру жабдығы жанбайтын беттерге, олардың төңкеріліп қалуын болдырмайтындай берік орнатылады.

Ырымдар және салттарды жүргізу үшін ашық от көздерін жанғыш материалдардан жасалынған, үй-жайды және жиналуын, киімдердің және заттардың бұйымдарына дейінгі қашықтық 0,5 метрден кем емес аралықта пайдалануға болмайды.

Шыны құтылары бұзылған, ашық от қолданылатын шамдарды пайдалануға, сондай-ақ оларды толтыру үшiн тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдалануға болмайды.

Лампадаларды, шамдарды және ұқсас құралдарды толтыруға арналған жанғыш сұйықтықтар сыйымдылығы 2 литрден аспайтын, жабық, сынбайтын ыдыста металл шкафтарда сақталады.

Лампадалар мен шамдарға жанғыш сұйықтықтар құрылымында ернеулерi көзделген, тұғырында жанбайтын материалдан жасалған сынбайтын ыдыстан құйылады. Лампадалар мен шамдарды толтырғаннан кейiн сыйымдылықтың тұғыры мен сыртқы бетi жанбайтын техникалық жуу құралдарымен төгiлiп қалған жанғыш сұйықтықтардың қалдықтарынан тазартылады.

Лампадалар мен шамдарға жанғыш сұйықтықтарды толтырып құю тек тұтату көздерi болмаған жағдайда, ал электрмен жылыту құралдары қосылып тұрғанда, олардан кемiнде 1 метр қашықтықта жүзеге асырылады.

Ғибадат құрылыстарында от жұмыстарын жүргiзуге (пеш жағу, дәнекерлеу және от жұмыстарының басқа да түрлерi), салттар мен ырымдарды жүргiзу кезiнде жанғыш сұйықтықтарды толтырып құюға болмайды.

Құлшылық жасайтын залдардың сыйымдылығы бiр адамға арналған үй-жайдың ауданы және эвакуациялау жолдарының өткiзу қабiлеттiлiгi негiзiнде шектеледi.

Келушiлердiң қозғалысы мен олардың қарсы жүру легі бір-бірімен қиылыспайтындай етіп жүзеге асырылады.