ЖАҢА ЖЫЛ КЕШІН ӨТКІЗУ КЕЗІНДЕ ҚАНДАЙ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН ҚОЛҒА АЛУ КЕРЕК?

108
0

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына Жаңа жыл мерекесін өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді,-деп хабарлайды uakit.kz.

Сала мамандары Жаңа жыл кешінде көп қолданылатын бенгал оттары, отшашу, шам  сынды мерекенің өте қажетті атрибуттары тек қуанышты емес, сонымен қатар қайғы-қасірет алып келуі мүмкін екенін ескертеді. Әсіресе бұл мектептердегі, бала бақшалардағы, сауықтандыру жәнеде тағыда басқа мекемелердегі жаңа жылдық шыршаларға қатысты. Мереке қайғылы оқиғаға айналмас үшін, оңай ережелер сақталса жеткілікті. Жаңа жылдық мерекелер жаппай өтетін бөлме, бірінші немесе екінші қабатта (жоғары болмайды) орналасуы қажет. Сонымен қатар екі шығу есігі болуы керек. Қолжетімді жерге алғашқы өрт сөндіру құралдарын дайындап қойған жөн (өрт сөндіргіш құрал, киіз және т.б.). Бұталары перде, шымылдық және т.б. жанғыш материалдар мен заттарға тимес үшін, шыршаны шығаберістен және жылыту құралдарынан аулақ, берік тіреуге орнатады. Оны безендіру үшін тек зауыттан шыққан электрлік гүлтізбегін қолдануға рұқсат етіледі. Карнавал костюмдерін, дәкеден жасалынған ойыншықтарды және мақтаны отқа қарсы құраммен өңдейді (1 литр суға 150 г кальцийленген немесе ас содасын және 50 г крахмал қосып, онымен костюмді сулап, 10 минуттан соң кептіріп қою керек).

Костюмді дайындағанда және шыршаны безендіргенде тұз, магний және т.б. жанғыш материалдарды қолдануға, мереке уақытында шам, бенгал оттарын және отшашқыштарды қолдануға тыйым салынады. Ең қауіптісі құрғақ ұзақ тұрып қалған немесе синтетикалық материалдардан дайындалған шыршалар болып табылады.

Сонымен қатар жасанды шыршалар жанған уақытта адам өміріне қауіпті уландырғыш заттар бөледі. Жаңа жылдық мерекені тек үлкендердің бақылауымен өткізеді, ал адамдар жаппай топталған жерлерде — әкімшіліктің қатарынан кезекші және өрт қауіпсіздігін сақтауға жауапты адамның қатысуымен өткізеді. Мектептерде, бала-бақшаларда, сауықтыру жәнеде тағы да басқа мекемелерде жаңа жылдық шыршаны орналастыру кезінде өрт қауіпсіздігіне олардың басшылары жауапты болады, сонымен қатар барлық мекемелер алдын-ала азаматтық қорғау органдарынан рұқсат алулары қажет.