ТОЙ-ДУМАН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ҰЛАСПАС ҮШІН…

115
0

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде өрттің болу қаупін тудыратын  белгілерді  хабарлайды.

Сала мамандары қала тұрғындары мен қонақтарына жаңа жыл кешін өткізу кезінде төмендегідей жағдайлардың болуы өрт қаупін тудыратынын алға тартып, оған жол бермеуді ескертеді. Атап айтқанда:

– салют пен шырша шартылдағын жағуға;

– фейерверк және басқа да өртке қауіпті жарық эффектілерін орнатуға;

– шыршаларды целлулоидты ойыншықтармен, сондай-ақ дәкемен және мақтамен безендіруге;

– балаларды тез тұтанғыш материалдардан тігілген киіммен киіндіруге;

– жарылу және өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізуге;

– бөлме терезелерін қараңғылауға;

– терезе торлары ашылмаған ғимараттарда іс-шаралар өткізуге;

– бөлмелерге белгіленген нормадан тыс адамдар кіргізуге жол берілмейді.

Сонымен қатар Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инспекторлары адамдар жаппай жиналатын іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде келесі шарттар орындалуы тиістігін қаперге салады.

– кемінде екі эвакуациялау жолымен қамтамасыз етілген, терезе торлары ашылған, 2-қабаттан жоғары емес ғимараттар ғана пайдаланылады;

– шыршалар орындарында мықтап бекітіліп, бұтақтары қабырғалар мен төбеге тимейтіндей және орынжайдан шығуға қиындық келтірмейтіндей есеппен орнатылады;

– иллюминацияны электр қондырғыларын орнату қағидаларын сақтай отырып орындау қажет. Иллюминацияда ақау байқалған жағдайда (сымдардың күюі, шамдардың жыпылықтауы, ұшқын шығуы) ол дереу сөндіріледі;

– іс-шараларды өткізу кезінде сахнада және зал бөлмелерінде жауапты адамдардың, өртке қарсы құрылым мүшелерінің немесе өртке қарсы қызметкерлердің кезекшілігін ұйымдастыру қажет.

Іс-шаралар өткізілетін орынжайлар алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.