ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ АУА РАЙЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

105
0

Синоптиктер 10-12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Болжам бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады. Тек республиканың батысында, оңтүстігінде, орталығында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасынмен жел күшейеді, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста тұман күтіледі.

«Түнде ауа температурасы батыста 7-20-дан 5-15 градус аязға дейін, солтүстік-батыста 18-30-дан 12-22 градус аязға дейін, кей жерлерде 17-30-дан 10-26 градус аязға дейін көтеріледі деп күтіледі. Солтүстікте, орталықта 20-30-дан 18-28 градусқа дейін аяз, республиканың шығысында 15-35-тен 12-25 градусқа дейін, оңтүстікте 10-30-дан 7-20 градусқа дейін, оңтүстікте, республиканың шығысында негізгі ауа температурасы түнде 12-25 градус аяз шамасында болады», — делінген хабарламада.