ТАБИҒИ ГАЗҒА КӨШКЕН ҮЙЛЕРДЕ ҚАНДАЙ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ШАРАЛАРЫ САҚТАЛУЫ ТИІС?

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Мұстафа Ишметов газ жабдығын қолдану кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін қаперден шығармауды ескертеді,-деп хабарлайды uakit.kz.

«Иран пеші» сәтті таңдау емес

Жылыту маусымы кезінде тұрғындардың иран пешін орнатуы өрт қауіпсіздігі ережелеріне қарсы. «Иран пешін» қолдану салғырттық немесе өз өмірлеріне қауіп төндіру болып табылады.  Себебі барлық ирандық пештердің құрылымында мұржа қарастырылмаған.  Және де құрылғыны пайдалану жөніндегі нұсқаулық иран тілінде жазылған. Өзге тілде пайдалану жөніндегі нұсқаулық болмағандықтан дұрыс орнатыла бермейді. Бірақ мұндай жылыту жабдығының бір артықшылығы бағасының қолжетімді болуы. Сондықтан тұрғындар артық ақша болмағандықтан иран пешін алады.

Бірақ мұндай пештердің қауіпті екенін  ескеру керек. Көбіне-көп мұндай пешті қолданушылар дұрыс монтаждалмайды. Немесе орналастыру кезінде қателікке бой алдырады. Мұржасын дұрыс шығармайды. Салдарынан қатты желдің әсерінен пеш өшіп қалады. Сөйтіп улы иіс бөлме ішіне тарайды. Осылайша адам өміріне қауіп төндіреді.

Ішкі газ жүйелерінің дұрыс іске қосылғанын қалай білуге болады?

Түркістан қаласы бойынша ішгі газ жүйелеріне қызмет көрсетуге мамандандырылған (ВДГО, ВДС) 50-ге жуық мердігер мекеме бар. Олардың қызметіне жүгінген кезде тұрғын үй иесі міндетті түрде келісім шартқа отыруы тиіс. Мұндай мекеме өкілдері міндетті түрде газ жүйелерін тексеру бойынша хаттама толтырады. Газ жабдығына жалғанған құрылғылардың саңылауы бар  немесе жоқтығына көз жеткізеді. Мұржаны тексереді. Сонымен қатар олардың өздерімен бірге хаттама қағазы болады. Мөрі, түбіртегі және жеке куәліктерін көрсетеді. Бұл Сіздің қауіпісзідігіңіз үшін маңызы зор іс екенін ұмытпаңыз.

Газ жабдығыңыз істен шықса…

Кез келген газ тұтынатын үйде аспаптарының, түтіндіктер мен желдеткіштердің қалыпты жұмыс істеуіне бақылау жасауға, түтіндікке газ жану өнімдерін бұратын газ аспаптарын қосқанға дейін және жұмыс істеуі кезінде түтін тартылуын тексеру керек. Түтіндіктің «қалтасын» мерзімді тазалап отыру керек. Егер үйіңізде газ жабдығы жарамсыз болса, тиісті мекемеге хабарласып, олқылықтың орнын толтыруға асығыңыз. Күнделікті күйбең тіршілік қамымен газды пайдаланып болған соң, газ аспаптарында және олардың алдындағы крандарды жабуды естен шығармаңыз. Үй немесе пәтер ішінде газ иісі пайда болған кезде газ жабдығын пайдалануды тез арада тоқтатып, аспаптарға жалғанған және аспаптардағы крандарды жабуға, үй-жайды желдету үшін терезелер мен желкөздерді ашуға, апаттық қызметті шақыртуға (газдалған үй-жай аумағынан тыс жерде) асығыңыз. Мұндай кезде от жақпауға, темекі тартпауға, электр жарығы мен электр құралдарын қоспауға және қосулы болса, сөндірмеуге, электр қоңырауларды пайдаланбаңыз.

Өз бетінше әрекет етпеңіз…

Халықтың өз бетінше үйлерді (пәтерлер, бау-бақшадағы шағын үйді) газдандыруды жүргізуге, газ аспаптарының, баллон мен бекіту арматураларының орнын ауыстыруға, алмастыруға және жөндеуіне тыйым салынады. Кез-келген газ жүйесін құрастыру тек мамандандырылған ұйыммен жүргізілуі тиіс. Тиісінше ұйымдардың келісімінсіз, газ аспаптары орнатылған орынжайды қайта жоспарлауды жүзеге асыруға мүлдем болмйады. Бұдан бөлек, газ аспаптары орнатылған орынжайларда ұйықтау мен демалу үшін қолдануға, газ шығуын анықтау үшін ашық отты пайдалануға (газ шығуды анықтау сабын эмульсиясымен немесе арнайы аспаппен жүргізіледі), түтін мен желдету жүйелерінің құрылысын өзгертуге, екі қабаттан көп қабаттары бар тұрғын ғимараттарының пәтерлерінде баллондарды орналастыруға тыйым салынады.

Сонымен қатар желдету арналарын бітеп тастауға, түтіндіктерді тазалауға арналған «қалталар» мен люктерді бітеп немесе сылап тастауға болмайды.

Үйіңізде газ иісі шықса не істеу керек?

Ең әуелі газ құбырындағы вентильді жабыңыз. Содан соң тез арада терезелерді ашып, үйді желдетіңіз. Жарық немесе тұрмыстық аспаптарды қоспаңыз. 104 телефон нөмірін теріп, апаттық қызметті шақырыңыз. Көбіне мұндай ақау газ жүйелерінің дұрыс жүргізілмеуінен болады. Сондықтан да кез-келген газ жүйесін құрастыру тек мамандандырылған ұйыммен жүргізілуі тиіс. Тиісінше ұйымдардың келісімінсіз, газ аспаптары орнатылған орынжайды қайта жоспарлауды жүзеге асыруға мүлдем болмайды. Бұдан бөлек, газ аспаптары орнатылған орынжайларды ұйықтау мен демалу үшін қолдануға, газ шығуын анықтау үшін ашық отты пайдалануға (газ шығуды анықтау сабын эмульсиясымен немесе арнайы аспаппен жүргізіледі), түтін мен желдету жүйелерінің құрылысын өзгертуге, екі қабаттан көп қабаттары бар тұрғын ғимараттарының пәтерлерінде баллондарды орналастыруға тыйым салынады

Есіңізде болсын!

Газ жабдығы жақсы желдетілген және ауасы жаңартылған бөлмеде жұмыс істеуі тиіс!

Газ баллондарын сатып аласыз ба?

Газ баллондарын сатып алғанда, орнатқанда және газ плиталарды пайдаланғанда келесі қағидаларды қатаң сақтау қажет.

Газ баллондарды өтіп бара жатқан машиналардан, жекеменшік үйлерден және кездейсоқ қоймалардан алмауды қаперіңізден шығармаңыз. Баллон сатып алғанда газ шаруашылығының атауы, баллон нөмірі, газбен баллон массасы міндетті түрде көрсетілген чек немесе талон талап етуді ұмытпаңыз.

Паспорттық табличканың, куәландырылған мерзімінің, сырдың қорғаныс қабатының бұзылуының барына, атмосфералық  коррозияның барына, вентиль маховигінің бұзылуына, жарықшақтың, жапырылғанның, қуыстың барына, баллон корпусы немесе ілмек қондырғысында газдың ағып кетуіне,  «Пропан» жазуының барына назар аудару маңызды.

Газ баллонын сатып алғанда газ баллондарын іске асыру бойынша фирманың қызметкерімен газ баллонның герметикалық қақпағы мен тығыздалған резеңке шығыршығын тексеруді, газ баллонның дәнекерлік тігін орындарының тұтастығын көрнекі қараумен тексеруді, газ құралдарын орнату мен жөндеуді тиісті құжаты бар мамандарға  сеніп тапсыруды, сабын көпірігі көмегімен газ баллоны мен плитаның резеңке шлангысымен қосылған жерінде редуктордың герметикалығын тексеру де қауіпті алдын алудың қағидасы. Герметикалық емес қосуда сабын көпірігінде көбікшелер болады, бұл жағдайда газ баллонды қолдануға тыйым салынады.

Баллонның тығыздалған резеңке шығыршығының тұтастығына көзіңізді жеткізіңіз.

Резеңке шлангысының тұтастығын көрнекі тексеруді, герметикалық редукторды тексеру үшін ашық от қолдануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Газ плитада газ каналдарының герметикалығын мерзімді тексеруді, газ плитамен жақсы желдетілген орынжайда ғана қолдануды, плита газ баллонының редукторын орнатқаннан кейін редуктор қақпағын ашуды, бұл орайда плита крандары жабық жағдайда болуы керектігін біле жүріңіз.

Газды жаққанда жанған сіріңкені алдымен шілтерге жақындатып, содан кейін кранды ашу керек.

Газ плитасына тек ас-ауқат дайындаңыз

Газ плитаны қараусыз қалдырмаңыз. Жанғыш сұйықтар мен заттарды плитада жылытпаңыз. Газ плитаны балалардың қолдануына сенбеңіздер. Плитаны таза ұстаңыз. Газ құбырлары мен құралдардың кемшіліктерін өз бетінше жөндемеңіздер. Плита үстінде кір кептірмеңіздер. Плитадан жаңғыш заттарды алып тастаңыздар. Газды қолданғаннан кейін газ құралында кранды және баллондағы вентилді жабыңыз. Газ иісінің жоқтығы мен газ шілтеріндегі оттың жоқтығына көз жеткізіңіз.

Газ жабдығын орнату тәртібін сақтаңыз

Әрбір жеке тұрғын үйде қазандықтар, су жылыту қондырғылары жеке бөлмеде орналасуы тиіс. Және олардың алаңы кемі екі шаршы метрден кем болмауы керек. Кейбір үйлер қазандықтарды жуынатын бөлмеге қояды. Ал ол жердегі ауада дымқыл басым. Бұл құбырлардың, шлангтың шіруіне әкеп соқтырады. Жатын бөлмеге де жылыту пештерін қоюға мүлдем болмайды. Және жылыту пештерінің айналасында кем дегенде 1 метр қашықта заттар қою қауіпті.

Түн ұйқыңыз тыныш өтсін десеңіз…

Әдетте үйдегі өрт кішкене алаудың пайда болуынан басталады. Оқыс оқиғаларды алдын алу үшін ең алдымен ұйқыға кетпес алдын тұрақты жұмыс істеуге арналмаған барлық электр құралдарын тоқ көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз. Барлық газ құрылғыларын да ажырату керек. Темекі тартқан кезде оның тұқылының толық сөнгенін тексеріңіз.

Тұрғын үйде өрттің белгілерін тану өртті дер кезінде анықтауға және оны жою шараларын қабылдауға көмектеседі. Мысалы,түтіннің жеңіл иісі болуы, оның бастапқыда білінер – білінбес болуы, одан кейін түтін қоюланып, көзге әсер етуі – бұл өрттің алғашқы анық белгілері.

Резеңкеге тән иістің шығуы электр сымдарының қызғандығын білдіреді.  Резеңке иісінің шығуымен қатар жарықтың немесе электр шамдарының сөнуі бұл жартылай жанудың орын алғанын білдіреді. Құбырдағы күлдің жануын оның гүрілдеп жанған дауысынан немесе күлдің смола тәріздес иісі арқылы анықтауға болады.

Газ пешін жертөлеге қоймаңыз

Табиғи газды тұрмыста пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау бағытындағы түсіндіру бойынша үйлерді аралау кезінде кейбір абоненттердің газ пешін жертөлеге орнатып қойғаны анықталады. Негізінде жертөлеге газ пешін қою қауіпті.  Заңда «ғимараттардың жертөлелері мен жертөле қабаттарына газ құбырын жүргізуге жол берілмейді» деп анық көрсетіліп жазылған. Яғни, қазандық былай тұрсын, жертөлеге газ жүйесін жүргізудің өзі өте қауіпті. Себебі, көп үйлердің жертөлелерінде  терезе орнатылмайды. Ауа айналымын қамтамасыз ететін желдеткіш тағы болмайды. Соның салдарынан газ жүйелерінде қандай да бір ақау болса өрттің тез пайда болуына әкеп соқтырады. Сондықтан да жертөлеге газ пешін орнатпаңыз.

Газосигнализатордың көмегі көп

Көбіне тұрғын үйлерде өрт оқиғаларының пайда болуына улы газдың ауаға таралуы себеп болып жатады. Оған қарсы шара ретінде көп отбасылар газ дабылқаққышты орнатқанмен оны мақсатты пайдаланбайды. Яғни, құрылғыны электр қуатына қоспайды. Дабылқаққаштар жәй ғана қабырғада бекітілген күйі тұра береді. Өкінішке орай кейбір азаматтар оның қандай рөл атқаратынын білмейді. Өрттен қорғанатын қондырғы екенін біздер арқылы біледі.

Газосигнализатор  ауаға улы газ тараған бойда тез дабыл қағып, белгі береді. Бұл абоненттердің газ жабдығы немесе газ жүйесіндегі ақауларды анықтап, өртті алдын алуына жәрдем береді.

Құрылғыны  қазандыққа, газ плиталары мен колонкалар тұрған ғимаратқа орнатқан дұрыс. Егер үй үлкен болса, дабылдатқышты әрбір бөлмеге бір-бірден орнату қажет.

Егер түтін дабылдатқышын үйдің төбесіне орнатса, улы газдың детекторын ғимараттың қабырғасына бекітеді. Қондырғы бөлмелерде әр түрлі биіктікте орнатылады. Мысалы, ас бөлмесінде, дәлізде – еденнен шамамен 0,5-1,5 метр биіктікте, адамның тыныс алу жолдары деңгейіне сәйкестендіреді.  Қонақ бөлмесінде – диванда отырған адамның беті деңгейінде, жатын бөлмеде – шамамен жастықтың биіктігіне сәйкес жерге қойылады. Балалар бөлмесінде – жүріп-тұрған кездегі бала бойына сәйкестендіріп орнатылады.

Қалай болған күнде де құрылғыны өндірушінің нұсқаулығына сәйкес орнату қажет. Алайда, оны желдету жүйесі мен ауа өткізгіштерге жақын орналастыруға болмайды.

Көпқабатты үйлерде дабылдатқышты әр қабатқа бекіту керек. Мүмкіндік болса, әрбір жатын бөлмеге. Егер құрылғыны жуынатын бөлмеге қойса, ылғалды ғимараттарға орнатуға болатындығы туралы оның IP деген белгісі болуы тиіс.

Құрылғыны гаражда, ас бөлмесінде, қазандықта, жуынатын бөлмелерге және температурасы 10 градустан төмен және 40 градустан жоғары болатын басқа да бөлмелерге орнатпайды. Құрылғыны бояуға, ағартуға болмайды. Ең дұрысы, орнатқан жер тегіс болуы аса маңызды.

Орташа есеппен құрылғыны  5-7 жыл жұмыс істейді. Кейбірі 3 жылға дейін жарамды.

Газ жабдығыңыз жарамды ма?

Өртті алдын алу үшін тек жұмыс істейтін газ жабдықтарын пайдалану қажет. газ жабдығындағы жалынның түсін бақылаңыз, егер ол қызғылт сары болса — бұл құрылғының ақауы бар екенін білдіреді. Мұндай жағдайда құрылғыны қолдануды тоқтатып,  газ мамандарын шақыруыңыз керек. Жұмыс істеп тұрған газ плиталар мен су жылытқыштарды қараусыз қалдырмаңыз және жалынға сұйықтықтар құйылуын немесе желдетуіне жол бермеңіз. Кішкентай балаларға, өздерінің іс-әрекеттерін бақыламайтын тұлғаларға газ жабдықтарын пайдалануға рұқсат бермеңіз.
Есіңізде болсын!

Газдың жануы үшін тұрақты ауа ағыны қажет. Егер газ беру кенеттен тоқтап қалса, газ құрылғыларының қыздырғыштарындағы шүмектерді дереу сөндіріп, авариялық газ қызметіне 104 телефоны арқылы хабарласыңыз.
Түтіннің және желдету түтіктерінде тартымның болмауы газдың жану өнімдерімен улануға әкелуі мүмкін. Газ су жылытқыштарын және жану өнімдерін мұржаларға шығаратын басқа құрылғыларды әр қолданар алдында, мұржада тартымның болуын тексеру қажет. Түтін және желдету жүйелерінің құрылғыларын өзгертуге болмайды. Желдету каналдарын желімдеуге болмайды, газбен қолданылатын жабдықтардың түтін тартқыштарын желдету каналдарына қосуға болмайды, мұржаларды тазалауға арналған «қалталар» мен люктарды бітеп тастауға және желімдеуге болмайды. Мұржаларда және су жылытқыштардан түтін шығаратын құбырларда қосымша шиберлерді өз бетімен орнатуға болмайды. Жеке тұрғын үйлердің иелері қыста мұздату мен бітелудің алдын алу үшін мұржалардың ұштарын, сондай-ақ қысымның төмендеуіне байланысты көбінесе күз-қыс мезгілінде болатын «кері тарту» әсерінің пайда болуына байланысты мерзімді тексеріп отыруы керек.
Тартым болмаған кезде газ құрылғыларын пайдалануға тыйым салынады.
Табиғи газдың иісі пайда болғанда газ құрылғыларын пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Құрылғылардағы және құрылғылардың алдындағы шүмектерді жабыңыз. Бөлмені желдету үшін терезенің жел көздері мен терезелерді ашыңыз.

Қандай жағдайда апатты газ қызметіне хабарласу қажет?

Табиғи газды пайдалану кезінде қандай да бір күмәнді жағдайлар байқасаңыз телефонды алып апатты газ қызметін яғни, 104 нөмірін теріңіз. Апатты газ қызметіне қоңырау шалу арқылы Сіз көгілдір отынның берілуі кезіндегі ақауды тауып, қайғылы жағдайдың алдын аласыз.

Егер қолданыстағы газ жабдықтарында  жалынның түсі қызғылт сары болса 104 нөмірін теріңіз. Себебі жалынның қызғылт сары болуы құрылғыда ақау бар  дегенді білдіреді.  Сонымен қатар газдың берілуі кілт тоқтап қалса,  газ құрылғыларының қыздырғыштарындағы шүмектерді дереу сөндіріп, авариялық газ қызметіне қоңырау шалуға асығу керек. Үйіңізде табиғи газдың иісі пайда болғанда газ құрылғыларын пайдалануды дереу тоқтатып, ақаудың қайдан шыққанын анықтау үшін авариялық газ қызметіне хабарлаңыз.

Көмірқышқыл газынан уланудан сақ болыңыз!

Көмірқышқыл газбен улану көбінесе адам өліміне дейін алып келуі мүмкін. Бұнын себебі, көмірқышқыл газы өте улы және де тым қысқа уақыттың аралығында ағзаға тез еніп, денсаулыққа  ауыр зиянын тигізеді. Көмірқышқыл газдың исі, дәмі болмасада, ол неше түрлі аралықтардан, қабырғалардан, топырақтан да кіріп кететін қасиетке ие. Әдетте улану қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтамағандықтан болады.

Уланудың басты себебі газбен жылытқыш құрылғылардың істен шығуы.  Көмірқышқыл газы жеңіл улануға тіпті адам өліміне дейін алып келуі мүмкін. Сол себепті қауіпсіздік шараларын қолдану өте маңызды.
Ол үшін газ құрылғыларын өздігінен жөндемеу қажет.
Газдық құрылғылардың жұмыс атқарып тұрғанын тексеріп отырған абзал.
Пәтерді (үйді) үнемі желдетіп отыру керек.
Газ орнатылған  бөлмеде ұзақ  отырмау қажет.
Бөлме ішін газ плитасымен жылытпау керек. Газды пештің барлық комфоркаларын қоспау керек.

Маңызды ақпарат!

Өрт сөндірушілер өрт оқиғаларының көбі түнде орын алатынын алға тартады. Сондықтан да ұйықтар алдын өрт қауіпсіздігі ережелерін еске түсіріп, сақтық шараларын қамтамасыз етіңіз.