ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН 250 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

166
0
Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз брифингін берді.
Брифинг барысында басқарма басшысы бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары мен инвестициялық ахуал туралы айтып өтті.
2022 жылдың 11 айында қала экономикасына 490,2 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20%-ға ұлғайған. Жылдық жоспар 530,4 млрд. теңгені құрайды.
«Бүгінгі таңда қалада жалпы ауданы 886 гектар болатын 5 өндірістік алаң жұмыс істейді. Жалпы, осы алаңдарда Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Еуропа, Орта Азия, Өзбекстан сияқты елдерден қазақстандық және шетелдік инвесторлардың қатысуымен 340 млрд. теңге сомасына 250 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 200 млрд. теңге сомасына 180 жоба іске асырылды. Қазіргі уақытта өнеркәсіптік аймақтардың толымдылығы 80-90% құрайды»,-деді басқарма басшысы Б.Дүйсебеков.
Осыған байланысты қалада 749 гектар алаңда тағы 4 жаңа өнеркәсіптік алаң құрылуда, онда корпоративтік табыс салығын, жер салығын, мүлік салығын, импорттық тауарларға ҚҚС төлеуден, кедендік баждардан босату сияқты жеңілдіктер көзделген.
Кәсіпкерлер мен инвесторларға консультациялар, сүйемелдеу, мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету мақсатында «бір терезе» қағидаты бойынша «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» фронт-офисі жұмыс істейді.
Фронт-офис ашылғалы бизнес өкілдеріне 31 849 қызмет көрсетілді, оның ішінде 2022 жыл басынан – 11 655 қызмет көрсетілді.