ГАЗ ЖАБДЫҚТАРЫНЫҢ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ТЕКСЕРІЛДІ

Түркістан қаласындағы «Бірлік» секторының инфрақұрылым саласы бойынша мамандары, «Түркістан қалалық газ инспекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өкілі мен қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері аталған сектор аумағындағы тұрғындарға өрт қауіпсіздігі және табиғи газды қауіпсіз пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бұл туралы uakit.kz Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Түсіндіру жұмыстары барысында сала мамандары «Бірлік» секторындағы Сарысу, Саумалкөл, Арыснура, Шілік, Күмісті, Атабай тас жолы, Дермене, Аягөз, Дулыға батыр, Сегіз сері, Керейхан көшелеріндегі тұрғындарға  өрт және табиғи газдан уланудың алдын алу бойынша ескертпелер жазылған жадынамалар таратты.

Сонымен қатар газ жабдықтарының орналасу тәртібінінің талапқа сай келетінін тексерді.