КӨМІР ҚОЙМАЛАРЫН ҰСТАУ КЕЗІНДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТӘРТІБІ

Көмірді жинауға арналған алаңдар оларды тасқын немесе жер асты суларымен су басуын болдырмайтындай етіп жоспарланады.

Мыналарға жол берілмейді:

Жаңа өндірілген көмірді бір айдан астам жатқан ескі көмір үйіндісіне жинауға;

— қоймаларға өздігінен тұтану ошақтары анық білінетін көмірді қабылдауға;

— жанып жатқан көмірді транспортер ленталары арқылы тасымалдауға және оларды теміржол көлігіне немесе бункерлерге тиеуге;

— көмір қатарларын жылу көздерінің (бу құбырлары, ыстық су құбырлары, қызған ауа арналары) үстіне, сондай-ақ төселген электр кабельдері мен мұнай-газ құбырларының үстіне орналастыруға.

Көмірді төсеу және оны сақтау кезінде қатарларға ағаштың, матаның, қағаздың және жанғыш материалдардың түсуіне жол берілмейді.

Әр түрлі маркалы көмір жеке қатарларға жиналады.

Ұзақ мерзімді сақтау үшін қоймаға келіп түсетін көмір мүмкіндігінше қысқа мерзімде вагондардан түсірілуіне қарай қатарлап жиналады. Түсірілген көмірді пішінсіз үймелерде және үйіп екі тәуліктен артық сақтауға жол берілмейді.

Қатарлармен регламенттік жұмыстарды орындау, сондай-ақ механизмдер мен өрт сөндіру машиналарының өтуі үшін қатарлар табанының шекарасынан қоршайтын дуалға немесе кран жолдары іргетасына дейінгі қашықтық кемінде 3 м, ал рельс басының сыртқы шетіне немесе автожол жиегіне дейін кемінде 2 м етіп көзделеді.

Өту жолдарын қатты отынмен жабуға және оларды жабдықпен үймелеуге жол берілмейді.

Қоймада еңістерде бақылау темір құбырлары мен термометрлерді орнату жолымен немесе басқа қауіпсіз тәсілмен көмір қатарларындағы температураны жүйелі бақылау қамтамасыз етіледі.

Көмірді тікелей қатарларда сумен сөндіруге немесе салқындатуға жол берілмейді. Жанған көмір қатардан алынғаннан кейін ғана сумен сөндіріледі.

Өздігінен тұтанған көмірді салқындағаннан немесе сөндіргеннен кейін қатарларға қайта салуға жол берілмейді.

Өндірістік ғимараттардың жертөле немесе бірінші қабатында орналастырылатын көмір сақтауға арналған үй-жайлар өртке қарсы бөгеттермен (қабырғалармен және қалқалармен) бөлінеді.

Өндірістік қалдықтарды шикізатпен және дайын өніммен бірге сақтауға жол берілмейді.

Ашық алаңдардағы талшықты материалдардың қатарлары жабылады, ал бастырмалар барлық жағынан брезентпен тартылады.

Автомашиналармен, тракторлармен (тартқыштармен) тасымалдау кезінде талшықты материалдар брезентпен жабылады. Оларды тасымалдау кезінде темекі шегуге жол берілмейді.

Жабық қоймалардағы және бастырмалардың астындағы өту жолдары, сондай-ақ ашық алаңдардағы қатарлар арасындағы бөліктер бос ұсталады.

Талшықты материалдардың бастырмалары мен қатарларына ұшқын сөндіргіштерсіз теміржол (паровоздарды қоспағанда) мен автокөліктің 5 м, ал тракторлардың 10 м жақын келуіне жол берілмейді. Бұл жерлерде шектеу жолақтары орнатылады. Автокөліктің жабық қоймаларға, талшықты материалдардың бастырмалары мен қатарларына кіруі пайдаланылған газ шығатын құбырға қарама-қарсы жағымен жүзеге асырылады, бұл ретте сөндіргіш жарамды ұшқын сөндіргішпен жабдықталады.