КӨГІЛДІР ОТЫНДЫ ҚАУІПСІЗ ТҰТЫНУ ТҮСІНДІРІЛДІ

Өрт оқиғаларымен байланысты төтенше жағдайлардың болуын алдын алу үшін Түркістан қаласындағы «Яссы» секторындағы тұрғындарға табиғи газды қауіпсіз тұтыну бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бұл туралы uakit.kz Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Түсіндіру жұмыстарына «Яссы» секторының инфрақұрылым саласы бойынша мамандары Ақжарқын Татенова, «Түркістан қалалық газ инспекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілі Дәурен Сыздықов, Түркістан қаласы Полиция басқармасының қызметкері Аңсарбек Галимов пен қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының маманы Мұстафа Ишметов қатысты.

Олар сектордағы Ақбастау, Оймақты, Әйтеке би, Хақназархан, И. Тайманов, Иса байзақ, Алтын Орда, Қазыбек би, Д. Қонаев, Әл Фараби, Қ. Сәтбаев, Ғ. Мүсірепов, Н. Төреқұлов, І. Қожабаев, Жылаған ата, Баян батыр көшелеріндегі үйлерді аралап, тұрғындарға жылыту маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережесін түсіндірді. Және де тұрғындарға газдан уланудың алдын алу үшін арнайы жадынамалар таратты. Газ пештері мен газ қазандықтарының орналасуы тексерілді.