ТӨБЕ ЖАППАСЫНЫҢ ҚАМЫСЫ ТҮТЕГЕН

Ағымдағы жылдың 11 шілдесінде Түркістан қаласы, Шәкәрім көшесіндегі үйлердің бірінде әжетхана жанады.

Бұл туралы хабарлама сол күні сағат 10:10-да қаладағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне хабарланады.

Келіп түскен хабарлама бойынша №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері оқиға орнына өрт сөндіру автокөлігімен жетеді. Оқиға орнына жеткен кезде құтқарушылар тұрғын үйдің ауласында жалпы ауданы 15 шаршы метрді құрайтын әжетхананың төбе жаппасының қамысы түтеп бықсығанын, өртке ұласпағанын анықтайды.

Аталған оқиғадан зардап шеккендер болмайды.