ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҮЙ ІШІНЕН ЖЫЛАНДЫ ШЫҒАРЫП АЛАДЫ

Ағымдағы жылдың 2 тамызында Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне авариялық-құтқару жұмыстарына жүгіну бойынша қоңырау түседі. Қоңырау шалушы азамат қаладағы М. Таққожаев көшесі бойындағы үй ішіне жыланның жүргенін айтады.

Хабарлама бойынша №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері хабарламада көрсетілген үйге жедел жетеді. №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары үй ішіне кіріп кеткен жыланды шығарып алады.

Едел-жедел әрекеті үшін үй тұрғындары құтқарушыларға алғыс білдіреді.