ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЖЕКЕ КӘРІЗ ҚҰДЫҒЫНА ТҮСІП КЕТКЕН СИЫРДЫ ҚҰТҚАРДЫ

Қорадағы төрт түлікке қорған болу адамдарға артылған зор аманат. Сондықтан да олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтық іс.  Бірақ өкінішке орай кейбір азаматтар бұл жөнінде тым кеш ойланып жатады. Оған төмендегі оқыс жағдай мысал бола алады.

Ағымдағы жылдың 4 тамызында Түркістан қаласындағы нөмірсіз үйдегі жеке кәріз құдығына сиыр түсіп кетеді.  Себебі құдық беті бетонмен емес, жәй ғана темір қаңылтырмен жабылған. Бұл оқыс оқиға сол күні сағат 14:37-де Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне хабарланады. №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі  қызметкерлері авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына жедел жетіп, құдыққа түскен Зеңгі баба ұрпағын қосымша жүк автокөлігімен (ЛК ковышымен) шығарады.