КЕЗЕКШІ ДИСПЕТЧЕР ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТУРАЛЫ КЕЗЕКТІ ХАБАРЛАМАНЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ

146
0

 

Осы жылдың 17 қыркүйегінде Түркістан қаласы, Тлепов көшесіндегі үйлердің бірінде өрт орын алады.

Бұл туралы сол күні сағат 18:46-да Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчеріне хабарланады.

Хабарлама бойынша №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері  едел-жедел түрде оқиға орнына шығады. Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде үй ауласындағы сарайдың ішінде партаның  түтеп, бықсығанын анықтайды.  Оқиғадан адамдар зардап шекпейді.