ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ОҚЫС ОҚИҒАНЫҢ ОРТАСЫНАН ТАБЫЛАДЫ

136
0

Түркістан қаласында электр жүйелерінде электр сымдарының қысқа тұйықталу жағдайы жиі тіркеледі. Одан келетін қауіптің бетін қайтару үшін қаланың өрт сөндірушілері оқиға ортасынан табылады.

Атап айтқанда, осы жылдың 14 маусымында №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне «Самал» мөлтек ауданы №37 үйдің жанында трансформатордың жанып жатқаны туралы хабарлама түседі. Осыған орай өрт сөндірушілер оқиға орнына дер кезінде жетеді. Трансформатор ішіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған оқиға салдарынан күйік алған және зардап шеккен адам болмайды.

Көп ұзамай, дәлірегі 17 маусымда №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчері  Жібек жолы көшесі №2 үй ауласында  орналасқан трансформаторда өрт болып жатқаны туралы хабарламаны қабылдайды. Келіп түскен хабарламаға сәйкес №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері оқиға орнына өрт сөндіру автокөлігімен жетеді. Оқиғаның салдары трансформатор ішіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болғаны анықталады.

Бұдан бөлек, 17 маусымда Қойшыбаев көшесінің бойында трансформатор жанып жатқаны туралы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне хабарлама түседі. Хабарлама сағат 02:02-де тіркеледі. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 02:20-да жетеді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде анықталғаны: Қойшыбаев көшесі бойында орналасқан темір трансфоматор ішіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан түтеп, бықсыған. Өртке ұласпаған.

Ағымдағы жылдың 12 шілдесінде Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчеріне Тәуке хан даңғылы бойындағы электр бағанасы жанып жатқаны туралы хабарлама түседі.

Хабарлама бойынша №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары оқиға орнына жедел жеткенде электр бағанасының электр сымдарының қысқа тұйықталуы орын алып, түтегенін анықтайды. Оқиға өртке ұласпаған.

Одан соң 15 шілдеде №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне «Бекзат» мөлтек ауданындағы Абай көшесіндегі №170 үйдің жанында трансформаторда өрт болып жатқаны туралы хабарлама түседі.  Хабарлама бойынша өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жеткен кезде трансформатор ішіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болғанын анықтайды. Қауіптің беті дер кезінде қайтарылып, оқиға өртке ұласпайды.

Сонымен қатар 20 шілдеде Жолдыаяқ батыр көшесі бойындағы трансформатор жанады. Бұл туралы хабарлама сол күні сағат 19:31-де  Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне хабарланады.  Келіп түскен хабарлама бойынша өрт сөндіру депосының құтқарушылары оқиға орнына жедел жетеді.  Трансформатор ішіндегі электр сымдары қысқа тұйықталған. Оқиға өртке ұласпаған.

Трансформатор ішіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы 22 шілдеде қайталанады. Оқиға Түркістан қаласы, Хамза көшесі бойындағы трансформаторда болады. Бұл туралы хабарлама қаладағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне сағат 23:37-де түседі. Хабарлама бойынша өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде трансформатор ішіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан бықсығанын анықтайды.

Ағымдағы жылдың 26 шілдесінде Түркістан қаласының тұрғыны №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчеріне  Алматы тас жолы бойындағы трансформатордың жанып жатқанын хабарлайды. Келіп түскен хабарлама бойынша өрт сөндірушілер оқиға орнына жетеді.  Және Алматы тас жолы бойында «ТР-Р 25/10» нөмірлі  трансформатор ішінде электр сымдарының қысқа тұйықталуынан  түтеп бықсығанын, өртке ұласпағанын анықтайды.