ШЫМКЕНТТЕ ТӘТТІЛЕР ӨНДІРІСІ ӨРКЕНДЕП КЕЛЕДІ

Шымкент қаласында кәмпит өндірісі қарқын алып келеді, деп хабарлайды Uakit.kz.
Шымкенттегі «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан «NURTAU Distribution Company» серіктестігі елге танымал кәмпиттерді өндіруде.
«NURTAU Distribution Company» серіктестігінің өнімдері Шымкентте ғана емес Қазақстан барлық аймақтарына танымал. Өндіріс өнімінің дизайны ерекше әрі бағасы да қол жетімді. Компанияның «MEXXI» кәмпиттері екі түрлі өніммен шығарылады. Сүтті және какао қосылған.
Мұндағы өндірістің жұмыс барысы автоматтандырылған. Мамандары да тәжірбиелі, өз саласының мамандары. Фабрика қызметкерлері яғни операторлары басқару және бақылау жұмыстарымен айналысады.
«Қондырғылардан шыққан өнімдердің сынып кетпеуін, болмаса қандайда бір ақауы болмауын қадағалаймын. Әрбір қондырғыға бір-бір маманнан қойылған. Сол себептен де өніміз сапалы деп айта аламын», -дейді «NURTAU Distribution Company» компаниясының операторы Ақмарал Әбдіхалықова.
Мұндағы кәмпиттерді жасау кезінде қосылатын шикізат өнімдері 70 пайызы Қазақстанда өндіріледі әрі таза табиғи өнімдер.
«Өндіріс орны бұрын сұлы үлпектерін импорттайтын болса, бүгінде сұлы үлпектерін өндіріс орны өзі өндіріп отыр. Бұл да компания үшін үлкен жетістік» дейді, «NURTAU Distribution Company» компаниясының технологы Айман Намазова.
Фабрика айына кемдегенде 140 тонна жуық кәмпит өнімімдерін шығарады. Қазақстаннның басқа да аймақтарына 80-90 тонна жуығы жөнелтіледі. Өнімге деген сұраныс жылдан-жылға артып келеді. Сондай-ақ Қырғызстан, Монғолия елдеріне де 50-60 тонна өнім экспортталады.
«NURTAU Distribution Company» компаниясының кәмпит өнімдеріің түрлері жыл сайын артып келеді.  Фабрика сапалы да, таза таибиғи өнім өндіреді. Компания санға емес, сапаға жұмыс істейді.