БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ИНТЕРНЕТ ЖЫЛДАМДЫҒЫ ЖОҒАРЫЛАЙДЫ

70
0
Қаладағы білім беру мекемелеріндегі интернет сапасына мониторинг жұмыстарын жүргізу тапсырылған болатын. Осыған орай, қаладағы 143 білім беру ұйымында интернет жылдамдығына тексеру жұмыстары жүргізілді.
Жалпы тексеру барысында анықталған кемшіліктерді түзету бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Бүгінде, білім беру мекемелеріне бөлінетін қаражатты цифрландыру басқармасы арқылы іске асырып, орталықтандырылған модельге өтуді қамтамсыз ету жұмыстары атқарылуда.
Қазіргі таңда, орта білім беру ұйымдарын сапалы интернетпен қамтамасыз ету бойынша ашық конкурс өткізілуде. Қаңтар — ақпан айларында конкурс нәтижесі анықталып, қала аумағындағы 148 мектептегі интернет жылдамдығы секундына 100 мб. жоғарылайтын болады.