БАСҚАРМАДА 100-ДЕН АСА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРІ КӨРСЕТІЛДІ
Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының құзыретіне «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік қызмет түрі жүктелді.
Қаладағы құрылыстарды, ғимараттарды, тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды, жеке тұрғын үйлерді реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қосымша жер учаскесін бөлу, қасбеттерді реконструкциялау бойынша қала құрылысы жобалары ҚР заңнамалық актілерін (Жер кодексі) негізге ала отырып жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі мынадай:
Егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалдық куәландырылған жазбаша келісімі, өзгертілетін үй-жайға өтініш иесінің меншік иесінің техникалық паспортының көшірмесі (тұпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады), техникалық жоба, сауалнама парағы (қосымша инженерлік және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосу және/немесе жүктемені арттыру қажет болған жағдайда) ұсынылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
*Порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;
* Ал дәлелді бас тарту – 5 (бес) жұмыс күні болып табылады.
Басқарма тарапынан 2022 жылдың қорытындысы бойынша 110 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді.