ТҮРКІСТАН: МҰҒАЛІМДЕР ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАРДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен А. Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицейінде «Ағылшын тілін оқытудағы ақпараттық инновациялық әдістерді қолдану» тақырыбында семинар өтті. Қалалық семинарға адами әлеуетті дамыту бөлімінің ағылшын тілі пәнінің әдіскері Жанат Сералиева мен 30-дан астам білім ұяларының ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты.
Басты мақсат – ақпараттық инновациялық әдістерді пайдалана отырып тәжірбие алмасу. Осы тұрғыда мектеп фаесі ерекше безендіріліп, оқушылар келген мұғалімдерді оркестормен күтіп алды. Тақырып аясында «Biography of A.Kunanbaev» тақырыбында 5 «А» сыныбына А. Махатова, «Explorers and Inbentors: Months» тақырыбында 3 «А» сыныбына Н. Маматкаримова, «Tradition and language» тақырыбында 9 «А» сыныбына А. Ермағанбетова, «Mixed Conditional» тақырыбында 11 «А» сыныбына А. Нұрмағанбетова ашық сабақтар өтті.
«Инновациялық технологиялар мен ойын технологиясын интеграциялау арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру» тақырыбында А. Назарова мен З. Осанғалиева коучинг сабақ өтті. Мұғалімдердің сабағы талқыланып, тәжірибе алмасу бағытында өзара пікір алмасты. Концерттік бағдарламаға жалғасқан шара соңында семинардың жоғарғы дәрежеде өткенін тілге тиек еткен әдіскер Жанат Сералиева мектеп ұжымына алғыс білдірді.