ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНДЫҚ ХКО ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШТІ

82
0

Шымкент қаласының №2 Әл-Фараби аудандық ХҚО жаңа ғимаратқа көшті.

Енді Шымкент қаласының тұрғындары мемлекеттік қызмет түрлерін Қаратау ауданы, Қайтпас м.а, 2253 «Б» мекенжайынан ала алады. Бұрын азаматтарды Шымкент қаласы, Бәйтереков көшесі, 89 мекенжайы бойынша қабылдағанын атап өтеміз.
«Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Балмейір Сансызбайұлының айтуынша, ХҚО-ға келетін азаматтар жүктемесінің, сонымен қатар ағымының көбеюіне байланысты жаңа ғимаратқа көшу қажеттілігі туындады.
«Біз тұрақты түрде мемлекеттік қызметтердің көрсетілу реті бойынша талдау жасап, азаматтардың ыңғайлылығы үшін ХҚО аумағын кеңейту қажет деген қорытындыға келдік. Енді бұл проблема шешіледі деп ойлаймын және ХҚО-ның көшірілуі мемлекеттік қызметтерді барынша жедел көрсетуге және олардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа ХҚО-да 26 инспектор жұмыс істейді, ал дайын құжаттарды қабылдау және беру үшін 18 жұмыс орны бар. 450 м2 аймақта орналасқан ХҚО-да, сондай-ақ 50 көлікке арналған автотұрақ қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус және шақыру батырмасы жұмыс істейді»,- деді Б. Сансызбайұлы.
Шымкентте барлығы 10 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, оның ішінде 3 мамандандырылған ХҚО бар.
Ағымдағы жылдың басынан №2 ХҚО-да 12 мыңнан астам мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген.