2023 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР АЙЫНАН БАСТАП ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫН АЛУ ҮШІН ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

79
0
2023 жылы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарламасы аясында 324 пәтер — арендалық, оның ішінде кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, көпбалалы отбасыларға және жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға, тұрғын үй кезегіндегі мемлекеттік қызметкерлерге беріледі.
Сонымен қатар, 888 пәтер жұмыс істеп жүрген жастарға беру жоспарланған. Ал, 1919 пәтер жыл басында несиелік негізде жоспарланған. Бұл көрсеткіш қосымша тағы 118 пәтерге артып отыр. 2023 жылға қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарланып, ағымдағы жылдың 23 қаңтарынан бастап тұрғын үй сертификаттарын алу үшін электронды түрде құжат қабылдау жүргізілуде. Қазіргі таңда 141 азаматқа тұрғын үй сертификаттары берілді. Бұдан бөлек,

биылдан бастап 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына еніп, баспанамен қамтылуда мемлекеттік қолдауға ие болады. Мемлекеттік жастар саясаты жөнінде қабылданған заң бірнеше жаңа нормаларды қамтиды. Бұған дейін жастар санатына 29 жасқа дейінгі азаматтар кіретін болса, бұдан былай 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Осылайша жастарға арналған механизмдерді қолданатын азаматтардың саны едәуір артпақ. Биылғы жылы 888 жас арендалық баспанамен қамтылатын болады. Жастар бойынша конкурсқа өтінімдер қабылдау электронды портал арқылы жүзеге асырылып, өтінімдерді қабылдау, өңдеу, келісім-шартқа тұру жұмыстары толықтай электронды нұсқада жүргізілетін болады. Қатысушаларды іріктеу балдық жүйе арқылы іске асады. Шымкент қаласы бойынша әзірге жастар бағдарламасы басталған жоқ. Бұл бойынша алдын ала БАҚ-та және әлеуметтік желіде хабарландыру жарияланатын болады. Сонымен қатар, Жастар бағдарламасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, биылдан бастап жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз пәтерлер енді 3 жыл мерзімге пайдалануға берілетін болады.
Өтініш берушінің өтініш бергенге дейін соңғы 3 жылда Шымкент қаласында тұрақты тіркеуі болуы және иелігінде тұрғын үй тіркелмеуі тиіс.