ШЫМКЕНТТІК ХҚКО-ЛАРЫНДА «ШЫН ЖҮРЕКТЕН»АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

106
0

Шымкентте ХҚКО-ға келушілерге тәттілер мен кәдесыйлар таратылды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойыншафилиалы «Шын жүректен» акциясының бастамашысы болды.
Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ресми өкілі Алтынай Татаеваның айтуынша, аталмыш іс-шара еліміздің барша азаматтарының достығы мен бірлігін қолдау, сондай-ақ қызмет алушылардың көңіл-күйін көтеру мақсатында Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай ұйымдастырылды.
«Бүгін мен ХҚКО-ға мемлекеттік қызметті алуға келдім. Орталық қызметкерлері менің көңіл-күйімді көтеріп, маған шоколад пен қази домбыра сыйлады. Бұл мейірімділіктін нышаны. Қызметкерлер клиенттерді күлімсіреп қарсы алып және алдыда келе жатқан мерекемен құттықтады. Өз кезегінде мен барлық қазақстандықтарды осы тамаша мерекемен құттықтап, ашық аспан, жақсылық пен бейбіт өмір тілеймін», — деп атап өтті Татьяна Корчагина.
«Қазақстан халықтарының бірлігі күні — ең жарқын мерекелердің бірі. Біздің филиалда көптеген ұлт өкілдері жұмыс істейтінін атап өткін келеді.  Олардың ішінде қазақтар, орыстар, немістер, әзірбайжандар, түріктер, корейлер, шешендер, татарлар және өзбектер бар. Біздің қызметкерлер ұйымшыл, өз ісіне адал және әр клиентке мәселелерді шешуге көмектесуге әрқашан дайын», — деді Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет»  филиалының директоры Дәрімбет Баймбетов.