ӘЛЕУМЕТТІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАШАН ДА МАҢЫЗДЫ

43
0
Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтың өкіміне сәйкес, жалпықалалық жер сілкінісіне даярлық оқу-жаттығуының жоспары түзіліп, аталған жоспар бойынша ағымдағы жылдың 5 мамырында өткізілетін жалпықалалық сейсможаттығуға барлық азаматтық қорғау қызметтері, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, химиялық қауіпті нысандар, ауруханалар, білім беру ұйымдары, қала аумағында орналасқан су қоймаларға жауапты мекемелер тартылатын болады.
Оқу-жаттығу кезінде әр мекеменің атқаратын қызметі және міндеті егжей-тегжейлі пысықталып, орын алған жер сілкінісі кезінде ұйымдасқан жүйелі жұмыс көрсету міндеттеледі. Ағымдағы жылдың 5 мамырында өткізілетін жалпықалалық сейсможаттығуға дайындық жұмыстары келесідей өтеді. Олар: қала тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында, «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет» тақырыбы бойынша эфирлік арналарды ұстау арқылы дауысты хабарлама күні бүгінге дейін берілуде. Қазақ және орыс тілдерінде сурдоаудармасымен бейнеролик әзірленіп, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік парақшаларда жарияланып, білім беру, денсаулық сақтау мекемелеріне, ойын-сауық орталықтарына, әуежай, вокзалға таратылып, ЛЭД-экран арқылы қала тұрғындарына жеткізілді. Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер көрсетілген электронды брошюралар әлеуметтік желілерде жарияланды. Аталған жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталып, арнайы тақырыптық билбордтар әзірленді.  Жалпы Шымкент қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасуына байланысты, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде, білім беру ұйымдарында және қаламыздың жекелеген аумақтық бірліктерінде тұрғындардың жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерін пысықтау мақсатында тоқсан сайын сейсможаттығулар тұрақты түрде өткізілуде. Шымкентте орын алуы мүмкін төтенше жағдайдың алдын алуға және орын алған кездегі біздің атқаратын іс әрекетімізді толыққанды пысықтау мақсатында, қала әкімінің өкіміне сәйкес, жалпықалалық жер сілкінісіне даярлық оқу-жаттығуының жоспары түзілді.